ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Осы Пайдаланушы келісімі (әрі қарай – Келісім) Қазақстан Республикасы «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға (әрі қарай – Компания) тиесілі Цифрлық платформаны пайдалану шарттарын анықтайды.

Келісім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес Компанияның жария оферта болып табылады.

Цифрлық платформаны пайдалану (соның ішінде беттер мен материалдарды қарау) Келісімді қабылдау дегенді білдіреді. Келісім шарттарына келіспеу Пайдаланушыны Цифрлық платформаны пайдалануды тоқтатуға міндеттейді.

  1. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
    1. Осы Келісімнің мақсатында төмендегі терминдер мынадай мағынада қолданылады:
      • Цифрлық платформа — Компанияның сайты, мобильді немесе басқа да қосымшасы, ол Пайдаланушыға электрондық қызметтер мен Компанияның ақпараттық материалдарына қол жеткізу мүмкіндігін береді.
      • Компания – «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;
      • Пайдаланушы – Келісімді қабылдауға қажетті жасқа жеткен, жеке тұлға.
      • электрондық қызметтер – Компанияның Цифрлық платформа арқылы ұсынатын ақпараттық және техникалық қызметтері;
      • жеке деректер – Пайдаланушы туралы Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңделетін ақпарат;
      • акцепт – Пайдаланушының осы Келісімнің шарттарымен келісетіндігін білдіретін әрекеті, оның ішінде, бірақ тек сонымен шектелмей, «Келісемін» батырмасын басу,
  2. КЕЛІСІМ МӘНІ
    1. Компания Пайдаланушыға электрондық қызметтер мен Компанияның ақпараттық материалдарын алу мақсатында Цифрлық платформаға қолжетімділік береді.
  3. ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
    1. Келісімнің қолданыстағы нұсқасы тиісті Цифрлық платформада орналастырылған.
    2. Компания Келісімге алдын ала Пайдаланушыларды хабардар етпей өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер жарияланғаннан кейін Цифрлық платформаны пайдалануды жалғастыру — сол өзгерістерді қабылдау болып есептеледі.
    3. Компания өз бағдарламалық-техникалық құралдары мен Цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оның тұрақты қызметін қолдайды.
  4. ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР
    1. Пайдаланушы құқылы:
      1. Цифрлық платформаны Келісім шеңберінде пайдалануға;
      2. Компанияның қолдау қызметіне жүгінуге;
      3. Цифрлық платформаны пайдалануды кез келген уақытта тоқтатуға.
    2. Пайдаланушы міндетті:
      1. Келісімнің шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
      2. Цифрлық платформаның жұмысын және басқа тұлғалардың құқықтарын бұзбауға;
      3. Сақтандырылған тұлғалардың дербес деректерін өңдеуге келісім беру мақсатында өз деректерін қорғауды қамтамасыз етуге.
    3. Компания құқығы:
      1. Цифрлық платформаның ақпараттары мен интерфейсін жаңартуға және өзгертуге;
      2. Пайдаланушы келісім шарттарын бұзған жағдайда Цифрлық платформаға қолжетімділікті шектеуге;
      3. Пайдаланушы заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін сотқа және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге.
    4. Компания міндетті:
      1. техникалық істен шығулар мен форс-мажор жағдайларын қоспағанда, Цифрлық платформаның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға.
      2. Пайдаланушының жеке деректерінің және сақтандыру құпиясының құпиялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Цифрлық платформаға берілген мәліметтерге қол жеткізуінің мүмкін еместігін қамтамасыз ету;
      3. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тәсілдермен Пайдаланушыны сәйкестендіруді және аутентификациялауды қамтамасыз етуге;
      4. Пайдаланушының жеке деректерді жинау және өңдеуге, сондай-ақ Бірыңғай сақтандыру дерекқорына (әрі қарай – БСДҚ) деректерді беру және алу үшін келісімін алуды қамтамасыз ету, сонымен қатар электрондық түрде сақтандыру қызметтерін алу үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ақпараттық дерекқорлармен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
  5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР
    1. Цифрлық платформаны пайдалану Пайдаланушыдан дербес деректерді ұсынуды талап етуі мүмкін. Компания пайдаланушының ерікті келісімі негізінде дербес деректерді өңдейді.
    2. Пайдаланушы өзінің дербес деректерін өңдеуге, соның ішінде жинауға, сақтауға, үшінші тұлғаларға беруге (заңнамада көзделген жағдайларда) және деректерді Цифрлық платформа арқылы қызметтер көрсету үшін пайдалануға келісімін береді.
    3. Компания дербес деректерді қорғау үшін ақылға қонымды және барабар шаралар қабылдайды, бірақ Компанияға тәуелсіз қауіпсіздік жүйелері бұзылған жағдайда олардың жоғалуы немесе үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруі үшін жауап бермейді.
  6. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
    1. Цифрлық платформаның барлық материалдары (мәтін, графика, суреттер, бағдарламалық код, логотиптер, аудио және бейнематериалдар және т.б.) Компанияның меншігі болып табылады немесе заңды түрде пайдаланылады. Компанияның келісімінсіз материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
  7. ЖАУАПКЕРШІЛІК
    1. Компания:
      1. Цифрлық платформада дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
      2. Пайдаланушының Келісім шарттары мен заңнама талаптарын бұзуынан туындаған техникалық істен шығуы, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері және салдарлары үшін жауап бермейді.
    2. Пайдаланушы:
      1. берілген деректерідң дұрыстығы және Келісім шарттарын бұзғаны үшін жауапты болады;
      2. өзінің есептік деректері мен электрондық-цифрлық қолтаңбасының сақталуына өзбетінше жауап береді.
  8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Келісім Пайдаланушы оның шарттарымен келісіп, Цифрлық платформаны пайдалануды бастаған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптардың барлық міндеттемелерін толық орындауына дейін әрекет етеді.
    2. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
    3. Компания мен Пайдаланушылар арасындағы барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда – сот тәртібімен қаралады.
    4. Цифрлық платформадағы материалдар «бар күйінде» ұсынылады және Пайдаланушының күтулеріне сай келетіндігіне кепілдік берілмейді.