Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

 

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтілік агенттігі «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ға «ВВ+» деңгейінде кредиттік және қаржылық рейтингін берді. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».

S&P Global Ratings-тің болжамы бойынша компания нарықтағы үлесі мен өмірді сақтандырудың жетекші компаниялары қатарында орнын сақтайды және таяудағы 12-18 айда табыстың жоғары көрсеткіштерін көрсететін болады. Компания активтерді орналастырудың салмақталған инвестициялық саясатын жүргізуге басымдықтың арқасында өтімділіктің маңызды қорын сақтап тұр.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ ең алдымен мемлекетпен байланысты, орташа кредиттік сапасы «ВВВ» деңгейіндегі жүйелік маңызды қазақстандық банктер мен ұйымдарға инвестициялайды. S&P Global Ratings Компания сақтандыру сыйлықақылары өсімінің жоғары қарқыны және операциялық қызметтің мықты көрсеткіштері аясында рейтингілік агенттіктің капиталдың жеткіліктілік моделіне сәйкес аз дегенде «АА» деңгейінде капиталдың жеткіліктілік көрсеткіштерін сақтайтынын күтеді.

- Біз нарыққа қаржы нарығында бар құралдарға тиімді балама болып табылатын инновациялық өнімдерді іске қосуды жалғастырып жатырмыз және S&P агенттігімен Компанияның рейтингін растауы, біздің ойымызша, біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың көрсеткіші болып табылады. Бүгінгі күні біз қазақстандық нарықта өмірді сақтандыру бойынша жетекші компания болып табыламыз, шамамен бүткіл қаржы көрсеткіштері бойынша көшбасшылық орындарды аламыз, - деп рейтінгінің берілуіне «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев пікір білдірді.

Рейтингтер туралы ақпаратПоследнее изменение сделано 26.11.21 17:52