Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
ПОЛИСКЕ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ЕНГІЗУГЕ БОЛАДЫ

Нақты сақтандыру бағдарламасының қағидаларымен көзделген кез келген өзгерістер мен толықтырулар Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шартының қолданылуы кезінде:

  • сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін және/немесе төлеу тәртібін өзгерту;
  • сақтандыру мерзімін (жинақтау кезеңін) өзгерту;
  • қосымша өтеу(-лер)ді қосу/алып тастау;
  • Сақтанушыны, Сақтандырылушыны және/немесе Пайда алушыны ауыстыруды жүзеге асыру;
  • Аннуитеттік төлемдердің мөлшерін, тәртібін және мерзімін өзгерту мүмкін.

Өзгерістер қолданыстағы сақтандыру шартына енгізіледі (яғни, сақтандыру жарналары бойынша берешек болмаған кезде).

Өзгертуге өтініштердің бланкілерін Сіз мына сілтеме бойынша өтіп, таба аласыз.

ПОЛИСТІ КЕПІЛГЕ ҚОЙЫМ ҚАРЫЗДЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

Сақтанушы өмірді жинақтық сақтандыру шарты бойынша Компанияда өз полисін кепілге қойып жеңілдікпен қарыз ала алады. Қарыз сомасы сатып алу сомасының мөлшерінен артпайды. Сатып алу сомасының мөлшері полисте көрсетілген (сатып алу және азайтылған сомалардың кестесі), жыл сайын сатып алу сомасы өседі. Компания өтінішті қарау үшін комиссияны алмайды, клиент қарызды ресімдеу үшін қосымша шығындарды жүзеге асырмайды. Бұл ретте, сақтандыру шарты жарамды болып қала береді, яғни клиент сақтандыру қорғауы астында болады. Қарыз бір жыл мерзіміне ресімделеді, өтеу кезеңділігін клиент өз бетінше таңдайды (жартыжылда бір рет және бір жола, яғни бір жылдан кейін).

Қарыз алу шарттары өте қарапайым:

  • Компанияға қарыз алуға өтінішті (Сақтандыру полисін кепілге қойып қарыз ұсынуға өтінішСоңғы өзгерту 18.01.21 09:59 енгізілген), жеке куәлігінің көшірмесін, дербес/карточкалық шоттың банктің деректемелерін және полистің түпнұсқасын ұсыну қажет;
  • Екі жақты қарыз шартына қол қою қажет;
  • Бірнеше күннен кейін шоттан қалаған сомаңызды аласыз.

Қарызды пайдалану үшін жыл сайынғы сыйлық ақының пайыздық мөлшерлемесі жыл сайын өзгереді және өткен қаржы жылы үшін инфляцияның ресми деңгейіне не жинақтық сақтандыру шарты бойынша кепіл берілген инвестициялық табыстығы мөлшерлемесіне тәуелді.

2022 жылы сыйлық ақы мөлшерлемесі – 19%

ЕГЕР КЛИЕНТ КЕЗЕКТІ САҚТАНДЫРУ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕМЕСЕ, САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНЕ ҚАНДАЙ САЛДАРЫ БАР

Өмірді жинақтық сақтандыру шартының талаптарына сәйкес Клиентте Сақтандыру шарты (сақтандыру қорғауы) әрекет ететін мерзімін ұзарту кезеңі (30 күнтізбелік күн) бар және Сақтандырушы осы мерзімін ұзарту кезеңінде болған сақтандыру оқиғасы бойынша жауапкершілікті көтереді.

Егер мерзімін ұзарту кезеңі өткеннен кейін Компания мерзімі өткен жарнаны алмаса, онда сақтандыру шарты не өз әрекет етуін тоқтатады, не кемітілген сақтандыру сомасына әрекет етуді жалғастырады (мерзімі өткен кезең аяқталған күнге сатып алу сомасы бар болған жағдайда). Сатып алу сомасының және кемітілген сақтандыру сомасының мөлшері Полисте сақтандырудың әр жылына көрсетілген.

ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІН ҚАЛАЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ

Сақтанушының мерзімі өткен сақтандыру жарналарының және өтемпұлдың сомасы мөлшеріндегі берешекті төлей отырып, бір жыл ішінде (мерзімі ұзартылған кезең аяқталған күннен бастап) сақтандыру шартының әрекет етуін қалпына келтіруге құқығы бар. Бұл ретте, Сақтанушы қалпына келтіруге құжаттар топтамасын Компанияға ұсынуы қажет.

Қалпына келтіруге өтініштердің бланкілерін Сіз мына сілтеме бойынша өтіп, таба аласыз.

ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫСТАР

барлық сұрақтар телефон арқылы:

+7 (727) 320 10 60 (61)

ұялы телефоннан: 3260 (тегiн)

Алматы қ., Республика алаңы, 15 1 қабат
факс: 320 10 59