Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Мен, еліміздің көптеген азаматтары сияқты, «НОМАД LIFE» сақтандыру компаниясымен сақтандыру шартын жасасқанға дейін, өмірді сақтандыруға сенбей, сақтандыру агенттерінен безірейтінмін. Маған өз мүлкіңді; пәтерді, машинаны, саяжайды сақтандырудың керектігі түсінікті болып, ал өмірді сақтандыру туралы ойланбайтынмын.

Сәті түсіп, мен өте тартымды және ақылды сақтандыру агенті Матиенко Татьяна Юрьевнамен таныстым. Алдында, шыны керек, менің оны тындағым келмеді. Кейін мен, сыпайылық танытып, тындадым. Дегенмен, уақытым аз деген рай танытып отырдым.

Бірақ оның байсалды да әсерлі сөздері оны ықыласпен тындауға, өз болашағым және балаларымның болашағы туралы ойлануға әкелді.

Менің түсінгенім: өмірді сақтандыру –өмір салтын немесе деңгейін сақтандыру. Бұл жеткілікті түрде тиімді ұзақ мерзімді қаржы құралы: біз сақтандыру жарналарымыздан 5 % бастап 15 % дейін табыс алатын боламыз. Ал, біріншіден, банктердегі депозиттерімізден түсетін ең көп табыс 9,4 % құрайтыны, екіншіден, банктік шартты бұзған кезде (яғни банктегі салымдарды мерзімінен бұрын алған кезде) біз өз пайыздарымызды жоғалтатынымыз бізге белгілі.

Осылайша, жинақтық сақтандыру бізге, қарапайым азаматтарға, біздің болашағымызға және отбасымыздың болашағына инвестиция жасай отырып, болашақ шығындарға қажетті сомаларды біртіндеп жинауға көмектеседі. Бұдан басқа өмірді жинақтық сақтандыру, кем дегенде екі инвариантты тәуекел бар сақтандыру түрі, олар:

  • Жасына жету;
  • Табиғи өлім.

Бірінші және екінші жағдайда, сақтандырылушы өзі таңдаған сақтандыру сомасын алып қоймай, сонымен бірге осы кезге дейін жиналған пайыздарды да қоса алады.

Бұдан басқа, өмірді сақтандыруда басқа тәуекелдер де көзделе алады, мысалы, жазатайым оқиға нәтижесінде дене жарақаты (жарақаттар), аурулар, мүгедектік, қайтыс болу және басқалары. Бәріне дайын болу керек, осындай (біз үшін жағымсыз салдарларды) жағдайларды алдын ала ескеріп, олардан сақтану қажет.

Мен Номад Life сақтандыру компаниясымен 15 жылға шарт жасастым. Шартта мүмкіндіктердің барлық топтамасы қамтылған: ауру нәтижесінде уақытша еңбекке жарамсыздық, жазатайым оқиға нәтижесінде мүгедектікті тағайындаумен (одан құдай сақтасын) еңбекке қабілеттіліктен айрылу, жарақат алу, сондай-ақ, егер мен кенеттен қайтыс болсам (тфә-тфә), толық сақтандыру сомасын екі ұлым алады.

Ал, жұмыс орным бойынша бухгалтерияға бірінші сақтандыру жарнасын төлеу туралы (жартыжыл үшін) түбіртекті апарған кезде, еңбекақымнан ұсталатын табыс салығы айтарлықтай азайды. Айта кетейін, сақтандыру жарналарын клиенттің қалауы бойынша ай сайын, немесе жартыжылда бір рет жүргізуге болады. Бұл өте ыңғайлы.

Сондықтан да, құрметті отандастарым, мен «Өмірді сақтандыру» сөз тіркесінен қорықпауға және «НОМАД LIFE» сақтандыру компаниясымен шартты жасасуға кеңес беремін. Ал компанияға мен тек қана өркендеп, ұзақ өмір сүруін тілеймін.

ТАЗАБАЕВА КҮЛӘШ АСҚАРҚЫЗЫ
ҚазМЗУ ақпараттық-техникалық факультетінің деканы, Семей қ.

Адамдардың оң пікірлерді жазбайтыны түсінікті – олар өз проблемаларын шешіп, пікір жазуды ұмытады. Проблемалары бар адамдар қолдау іздеп, шешу жолдарын іздейді. Сондықтан терік пікірлер әрдайым оң пікірлерден көбірек болады.

Ал менің «НОМАД LIFE» сақтандыру компаниясы туралы пікірім жақсы. Барлығы сауатты, жылдам, кәсіби! Әлде менің жолым болды ма? Иә. Менің жолым болды. Мен сақтандыру агенті Бекбауов Серік Зарипұлын кездестірдім. Ол жоғары мәдениетті адам, өзіне тартып алады, сіздің проблемаңыздың байыбына жетіп, шешіміне кеңес береді, қағаздарды сауатты ресімдеуге көмектеседі. Сақтандыру компаниясы үшін бұл өте табысты. Мен қызымның болашағы туралы көптен бері ойланып жүрдім. Оған лайықты білімді қалай беремін, болашағын қалай қамтамасыз етемін деп ойландым. Серік Зарипұлының да қызы бар, мені толғандырған проблемалар оны да ойландырған болатын. Мен ол өткен жолмен бардым: қызыма мектептен кейін жоғары білім беру үшін оған Инвест Life сақтандыру полисін 9 жылға ресімдедім. Бір айдан кейін, менің ұсынымым бойынша менің құрбым да, табысы орташа бюджет қызметкері, өзінің он жасар қызы үшін ұзақ мерзімді бағдарламаны ресімдеді. Еліміздегі халықтың барлық санаттары үшін қол жетімді осындай бағдарламаларды шығаратын «Nomad Life» сақтандыру компаниясына алғыс айтамын. «Nomad Life» сақтандыру компаниясына өркендеуді, дамуды, жаңа бағдарламаларды енгізуде табыс тілеймін!!!

ШАЛЖАНОВА ЖАНАР АЙТБЕКҚЫЗЫ
ГМУ МО дәрігері, Семей қ.

Менің қолыма «НОМАД LIFE» компаниясының «Свадебный» полисінің буклеті кездейсоқ түсті. Бұл ұлымның өміріндегі маңызды оқиға –үйлену тойына менің дайын болатыным туралы ойлануға мәжбүр етті. Менің жеке бизнесім жоқ, біз жалақыға өмір сүріп отырмыз. Сондықтан, егер қазірден бастап ақша жинай бастамасам, болашақта оның проблемаға айналатынын түсіндім. Бұл бағдарламада маған бәрі ұнады – сақтандыру жарнасы, жақсы табыстылық, және, ең бастысы, ұлымның пайдасына жасалатын сақтандыру қорғауы. Ұлым қазір 8 жаста.

ХАН КОНСТАНТИН ЛЕОНИДОВИЧ
Жұмыс орны "Метро Кэш&Керри" ЖШС, бас инженер, Шымкент қ.

Мен 23 жастамын. Отбасы жағдайына байланысты, маған інімнің болашақ білімі үшін жауапкершілікті өзіме алуға тура келді. Ол қазір 12 жаста. Мен осы мәселені қалай шешуге болары туралы ойланым жүрдім. «НОМАД LIFE» компаниясының сақтандыру агентімен кездесу өте орынды болды. «Білім беру» өнімі отбасы үшін қолайлы шарттарда оқытуға қажетті соманы жинауға мүмкіндік бере отырып, сонымен бірге, қиын өмірлік жағдайда інімнің мүдделерін қорғайды. Қазір мен алаңдамай, 5 жылдан кейін жақын адамымның білім алуына көмектесе алатыныма сенімдімін.

САЛЫБАЕВА ЖАДЫРА БҮРКІТЖАНҚЫЗЫ
«Капитал» ЖК, бухгалтер, Шымкент қ.

Форс-мажорлық жағдай бола қалса, сенімді болуды қалаймын. Мен өзімнің және өз баламның болашағын қамтамасыз еткім келеді. Мен «НОМАД LIFE» сақтандыру компаниясының кеңсесіне кеңес алу үшін келгенде, мұның мен үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Сондықтан жинақтық бағдарламаны ашуға шештім. Мен Инвест Life бағдарламасын 12 жылға аштым. Менің ата-анамда да сақтандыру құжаттары болған. Ақша жинап, қорғалған болуды әрдайым қалайтынмын. Бірақ мемлекеттің ыдырауы, адамдардың өз жинақтарын жоғалтуы мені алаңдататын. Дегенмен, уақыт өзгерді, өмір басқа, өмір салты басқа. Мен тек қана жинақтап қоймай, өмірім қорғалатынын түсіндім. Сенімділік деген осы.

КОРОЛЕНКО РИММА МАРАТОВНА
БСМП КМҚК дәрігер-хирургы, Семей қ.

Мен, сындарлы адаммын, сондықтан, егде жаста өзімнің материалдық жағдайым маған қолайлы және лайықты өмір сүруге мүмкіндік беруі үшін өмірді сақтандырумен жинақтық бағдарламаны ашуға шештім. «НОМАД LIFE» сақтандыру компаниясында мен Инвест Life бағдарламасын 20 жылға аштым. Компанияға тек өркендеуді тілеймін. Мен бүгін осындай әлеуметтік бағдарламалардың жұмыс істейтініне қуаныштымын.

ЕФИМЕНКО ИРИНА НИКОЛАЕВНА
БСМП шаруашылық бикесі (40 жаста)

Несмотря на возраст, а сегодня мне 55лет, я хочу иметь возможность дать своему сыну и внучке больше чем есть на сегодня. Сейчас я осознаю, насколько важно знать, что ты получишь от государства и что можно сделать больше для себя. Моя пенсия не за горами и я хочу иметь больше чем, планирует государство по моему стажу. Я открыла программу Инвест Life на 10 лет для потому, что люблю своих близких и хочу чтобы они это знали. Материальная свобода, возможность оставить детям наследство, их финансовая стабильность, греет мне душу. Мое здоровье не должно стать их денежной проблемой. Я хочу помочь сыну дать образование своей внучке. Если каждый по-настоящему любит и хочет заботиться о своих родных, то накопительная программа может позволить сделать это реально. Желаю компании «НОМАД LIFE» твердой стабильности, уверенного роста среди других компаний, много клиентов желающих иметь достойное будущее.

Яринен Ольга Борисовна
Продавец-консультант торгового дома «DANA»

Сіздердің барларыңызға алғыс білдіргім келеді және мен сіздермен міне 6 жыл біргемін! 2016 жылы зейнетақы аннуитетін рәсімдедім және әрдайым қажет, жыл сайын зейнетақы аламын.

Осы жылдар бойы мені Nomad Life ӨСК АҚ-ның сату жөніндегі менеджері Калинин Сергей Николаевич, ал Астанада – Астана 2 Өңірлік кеңсесінің (директоры Махмутов Кайрат Викторович) сервис менеджері, Картаева Айман қолдап келді.

 NomadLife, Сіздерге рахмет!

 Табыс пен жетістік тілеймін!

Шегебаева Гульнара Садыковна
Астана қ.

Алғыс хаттар

БК ЖШС «ҚУАТАМЛОНМҰНАЙ»
БК ЖШС «ҚУАТАМЛОНМҰНАЙ»
АҚ "СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ"
АҚ "СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ"
"САГИЗ ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ" ЖШС
"САГИЗ ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ" ЖШС