ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында "Nomad Life" ӨСК" АҚ-да Директорлар кеңесінің шешімі бойынша құрылған Директорлар кеңесінің комитеттері жұмыс істейді. Комитеттер консультациялық-кеңесші органдар болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Компания Жарғысына және ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

Комитеттердің Тізбесі:

Директорлар кеңесінің Ішкі аудит мәселелері жөніндегі Комитеті

Директорлар кеңесінің 02.02.2012 жылғы шешімі бойынша ішкі аудит мәселелерін алдын ала қарау және Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау мақсатында қалыптастырылды.

Құрамы: тек қана «Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінен тұрады.

Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті

Директорлар кеңесінің 02.02.2012 жылғы шешімі бойынша стратегиялық, кадрлық және әлеуметтік мәселелерді алдын ала қарау мақсатында қалыптастырылды.

Құрамы:

  1. Абдрахманов Рустам Муратович — Комитет Төрағасы, Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі 
  2. Толыкбаев Нурлыбек Куанышович — Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі 
  3. Заң департаментінің директоры
  4. ESG департаментінің директоры
  5. Қаржы департаментінің директоры
  6. Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры

Директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқару және орнықты даму жүйесі мәселелері жөніндегі комитеті

Директорлар кеңесінің 05.01.2026 жылғы шешімі бойынша климаттық тәуекелдер мен климаттық күн тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және орнықты даму жүйесінің мәселелерін алдын ала қарау мақсатында құрылды.

Құрамы:

  1. Аюпов Ерлан Жанбулатович — Комитет Төрағасы, Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі 
  2. Ахматьянов Ринат Фаскаттинович — Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі 
  3. Тайтуголева Елена Сергеевна - Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі 
  4. ESG департаментінің директоры
  5. Тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы
  6. Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры

Директорлар Кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеті

Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) саласындағы негізгі мәселелерді алдын ала қарау мақсатында 03.09.2026 жылғы Директорлар кеңесінің шешімі бойынша қалыптастырылды.

Құрамы:

  1. Амершина Асель Джумабековна — Комитет Төрағасы, Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі 
  2. Қауіпсіздік департаментінің директоры
  3. Заң департаментінің директоры
  4. Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры
  5. Техникалық сүйемелдеу департаментінің директоры
  6. Комплаенс-бақылау қызметінің басшысы