Сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігі «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы қызмет бағыттарының бірі болып табылады.
Компания клиенттердің қажеттіліктерін, мемлекеттік бастамаларды және заңнама талаптарын ескере отырып сақтандыру өнімдерін әзірлей отырып, Қазақстан Республикасы халқының түрлі санаттары үшін сақтандыру қорғауының және ұзақ мерзімді жинақтау шешімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.
«Nomad Life» ӨСК» АҚ сақтандыру қызметтерін клиенттердің түрлі санаттары үшін ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді етуге ұмтылады. Ол үшін Компания клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып сақтандыру өнімдерін әзірлейді, сақтандыру шарттарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қашықтықтан қызмет көрсету сервистерін дамытады, клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындайды және кері байланыстың тиімді арналарын қолдайды.
Сақтандыру шарттарының ашықтығы
Компания сақтандыру шарттарын клиенттер үшін барынша түсінікті етуге ұмтылады. Сақтандыру өнімдері, шарттар жасасу тәртібі, сақтандыру тарифтері, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат сақтандыру қағидаларында, шарттарда, өтініштерде және Компанияның өзге де құжаттарында ашылады.
Сақтандыру қызметтерінің қашықтықтан қолжетімділігі
Компания кеңсеге жеке келу қажеттілігін азайтатын, жекелеген сақтандыру шарттарын жасасу мен сүйемелдеудің қашықтықтан қызмет көрсету арналарын дамытады.
Клиенттермен өзара іс-қимыл Компанияның ресми сайты, Клиенттің жеке кабинеті, байланыс орталығы, корпоративтік электрондық пошта және өзге де электрондық байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
Қашықтықтан қызмет көрсету сервистерін дамыту шалғай елді мекендер тұрғындары, мүгедектігі бар адамдар, жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтар, сондай-ақ Компания кеңсесіне жеке келуге мүмкіндігі жоқ клиенттер үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындау
Қаржылық қолжетімділік элементтерінің бірі — клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау. Компания қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін сақтандыру төлемдеріне арналған өтініштерді қараудың түсінікті және жедел процесін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Клиенттердің өтініштері Компанияның қолданыстағы кері байланыс арналары арқылы белгіленген тәртіппен қаралады.
Қаржылық қолжетімділік тәсілін іске асыру шеңберінде Компания клиенттердің түрлі санаттарына, олардың қажеттіліктері мен өмірлік жағдайларына бағдарланған сақтандыру өнімдерін дамытады. Төменде сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін жекелеген өнімдер мен сақтандыру төлемдері берілген.
Зейнетақы аннуитеті
Жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырған азаматтарға жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа дейін тұрақты өмір бойы төлемдерді ала бастауға мүмкіндік береді. Өнім кепілдендірілген өмір бойы сақтандыру төлемдерін және олардың жыл сайынғы индекстелуін көздейді.
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде қызметкерлер мен олардың отбасыларының қаржылық қорғалуын қамтамасыз етеді.
Осы сақтандыру шеңберінде, оның ішінде, мынадай сақтандыру төлемдері көзделген:
Жоғалтқан табысты өтеу мақсатындағы аннуитеттік төлемдер
Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде жоғалтқан жалақыны (табысты) өтеу мақсатындағы сақтандыру төлемдері аннуитеттік сақтандыру шартының талаптарына сәйкес зардап шеккен қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу мақсатындағы сақтандыру төлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
Аннуитеттік төлемдер туралы толығырақ →
Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша төлемдер
Зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша төлемдер еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыстарда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген қызметкерлерге қаржылық қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде сақтандыру төлемдері еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыс тоқтатылғаннан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын жұмысқа ауысқаннан кейін жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ай сайын жүзеге асырылады.
Зейнетақы алдындағы аннуитет туралы толығырақ →
Қарыз алушылардың өмірі мен еңбекке қабілеттілігін сақтандыру
Сақтандыру қарыз алушыны және оның отбасын күтпеген борыштық жүктемеден қорғауға көмектеседі. Сақтандыру жағдайы басталған кезде Компания сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді оның талаптарына сәйкес орындайды.
Nomad Bolashaq
Жинақтау бағдарламасын сақтандыру қорғауымен ұштастыра отырып, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде бала біліміне арналған жинақты біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Nomad Life» ӨСК» АҚ сақтандыру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді әлеуметтік жауапкершіліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастырады.
Компания сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, қашықтықтан қызмет көрсетуді дамытуға, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарға қызмет көрсету үшін жайлы жағдайлар жасауға бағытталған қаржылық емес қолдау шараларын іске асырады.
Мүгедектігі бар адамдарды және жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарды қолдау
Компания барлық клиенттер үшін қызмет көрсетудің ыңғайлы жағдайларын жасауға ұмтылады. Компанияның ішкі стандарттары қызметкерлердің ситуациялық көмек көрсетуін және мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарға қызмет көрсетудің жайлы жағдайларын жасауды көздейді.
Қашықтықтан сақтандыру сервистері
Компания кеңсеге жеке келмей-ақ жекелеген сақтандыру қызметтерін алуға мүмкіндік беретін қашықтықтан қызмет көрсету сервистерін дамытады. Мұндай сервистер шалғай елді мекендер тұрғындары, мүгедектігі бар адамдар, жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтар және кеңсеге келуі қиын клиенттер үшін ерекше маңызды.
Қызметкерлерді оқыту
Мүгедектігі бар адамдарға және жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Компания сату бөлімшелерінің қызметкерлерін көрсетілген клиент санаттарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша оқытады.
Қаржылық сауаттылықты арттыру
«Nomad Life» ӨСК» АҚ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырудың және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қарастырады.
Компанияның ресми сайтында оқу материалдарын, сақтандыру терминдерінің сөздігін, өмірді жинақтаушы сақтандыру кезіндегі салық жеңілдіктері туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік және салалық ақпараттық ресурстарға сілтемелерді қамтитын «Қаржылық сауаттылық» бөлімі жұмыс істейді.
Қаржылық сауаттылықты дамыту клиенттердің хабардарлығын арттыруға және азаматтардың негізделген қаржылық шешімдер қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
«Қаржылық сауаттылық» бөліміне өту →
Сандық көрсеткіштер, сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелері және есепті кезең қорытындысы бойынша өзгеретін өзге де мәліметтер «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның ESG-есебінде ашылады.