Зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинақтарыңызды өмір бойы ай сайын төленетін төлемдерге айналдырады. Жинақтар БЖЗҚ-дан Nomad Life-қа аударылады, содан кейін зейнетақы төлемдерін зейнетақы қоры емес, сақтандыру компаниясы жүзеге асырады.
Ақша өміріңіздің соңына дейін, қанша жасқа келсеңіз де, ай сайын төленіп отырады. Өнім ҚР Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес жұмыс істейді.

Зейнетақы аннуитеті «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін өнімдеріне жатады.
Сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігі туралы толығырақ →



Шартты БЖЗҚ-да жеткілікті жинағы бар адам жасай алады. Егер жинақ сомасы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге жеткіліксіз болса, өз қаражатыңызды қосуға болады.
Кейінге қалдырылған** зейнетақы аннуитеті шартын:
Дереу** зейнетақы ауннуитеті шартын:
* Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 Басқарма қаулысының және ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес есептелген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы.
2023 жылы базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңгені құрайды.
**Кейінге қалдырылған аннуитет — төлемдер бірден басталмайды, алдын ала келісілген мерзімнен кейін басталады. Осы уақыт аралығында өмірді сақтандыру компаниясы сіздің қаражатыңызды инвестициялайды..
**Дереу төленетін аннуитет — төлемдер сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін бірден басталады.
| Кейінге қалдырылған аннуитет | Дереу аннуитет | ||||||
| МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | ||||
| 40 жастан (Ерлер) | 7 777 482 | 45 жастан (Ерлер) |
9 163 723 |
50 жастан (Ерлер) | 8 528 378 | 55 жастан (Ерлер) | 10 048 456 |
| 40 жастан (Әйелдер) | 10 147 533 | 45 жастан (Әйелдер) |
11 476 285 |
50 жастан(Әйелдер) | 11 127 252 | 53 жастан(Әйелдер) | 13 180 591 |
САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту: 03.04.25
САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРIСоңғы өзгерту: 19.02.26
ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ ДИВИДЕНДТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту: 12.09.25