САҚТАНДЫРУДЫҢ ОСЫ ТҮРІ БОЙЫНША ШАРТТЫ ЖАСАСУ ЖҰМЫС БЕРУШІ ҮШІН МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Міндетті сақтандыру шарты болмағаны үшін айыппұл қарастырылған:
| Санаты |
Айыппұл мөлшері |
| Жеке тұлғалар |
10 АЕК |
| Лауазымды тұлғалар, жекеше нотариустар мен сот орындаушылар |
160 АЕК |
| Жеке орта кәсіпкерлік субъектілеріне (орта) |
400 АЕК |
| Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (ірі) |
1 000 АЕК |
МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БОНУСТАРЫ
Жұмыс берушінің қызметкерлер мен олардың асырауындағы адамдар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі.
Қызметкердің және оның отбасының мүліктік мүдделерін қорғау.
Төлемдерге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік береді
ШАРТ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ?
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПТЕУ ҮШІН СІЗ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҰСЫНАСЫЗ
Бұл үшін Сіз мынадай ақпаратты көрсетуңіз қажет:
— қызметкерлердің саны және жылдық еңбекке ақы төлеу қоры;
— кәсіпорын қызметінің түрі;
— соңғы бес жылдың ішінде жазатайым жағдайлардың болуы.
БІЗ САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ШАРТ БОЙЫНША ЕСЕПТЕЙМІЗ
Біз есептелген сақтандыру сыйлықақысы бойынша ақпаратты ұсынамыз.
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЯМЫЗ.
Біз ақпаратты қабылдаймыз және шартты ресімдейміз, ол шартқа қол қою қажет және сақтандыру сыйлықақысын төлеуге шотты ұсынамыз.
ШАРТ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Сақтандыру арқылы қорғау шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін қолданылады.
ШАРТ ҚАНДАЙ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ӨТЕЙДІ?
Қызметкердің қайтыс болуы;
Қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы;
Кәсіби ауру
ШАРТТЫ БЕКІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
- Қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын кез-келген жұмыс беруші немесе оның өкілі «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ына жүгініп, рәсімдей алады.
- Сақтандыру сыйақысын және сақтандыру сомасын есептеу үшін персоналдың тиісті категориясы бойынша еңбекақы қорын ұсыну қажет, онда барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорының сомасы көрсетілуі тиіс. Сақтандыру тарифі экономикалық қызмет түріне, кәсіби тәуекел класына және персоналдың категориясына байланысты.
САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ:
Еңбекке қабілеттіліктен бір жылдан аз уақытқа айырылған кезде:
- Төлемдер аннуитет шарты бойынша ай сайын жүргізіледі.
- Nomad Life алғашқы төлемді барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Еңбекке қабілеттіліктен бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге айырылған кезде:
- Төлемдер кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген немесе ұзартылған бүкіл мерзім ішінде ай сайын жүргізіледі, бірақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген қызметкердің зейнеткерлік жасқа толу мерзімінен аспайды.
Зейнетақы алдындағы аннуитет:
- Шарт жұмыс берушінің (сақтанушының) өтініші негізінде, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабында көзделген талаптар (зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеу, жас және кәсіптік аударымдарды төлеу өтілі) туындаған кезде қызметкердің пайдасына жасалады.
- Ай сайынғы төлем мөлшері ағымдағы қаржы жылына белгіленген бір күнкөріс минимумына тең.
- Төлемдер жұмыс беруші (сақтанушы) сақтандыру ұйымына жүгінген сәттен бастап қызметкердің зейнеткерлік жасқа толғанына дейін жүргізіледі.
- Төлем мөлшері күнкөріс минимумы мөлшерінің өзгеруіне сәйкес қайта есептеледі.
Қызметкер жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған кезде:
- Төлемдер зиянды өтеуге құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде жүргізіледі.
Денсаулыққа зиян келтірілген кезде:
Кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда шығыстарды өтеу (ағымдағы қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшерінде):
- 30%-дан 59%-ға дейін қоса алғанда — 500 АЕК;
- 60%-дан 89%-ға дейін қоса алғанда — 750 АЕК;
- 90%-дан 100%-ға дейін қоса алғанда — 1 000 АЕК.
Жерлеуге жұмсалған шығыстар:
- Егер қызметкер қайтыс болған жағдайда, жерлеу рәсіміне ақы төлеген адамға 100 АЕК мөлшерінде шығыстар өтеледі.
Қаржылық қолжетімділік
Зардап шеккен қызметкерге немесе қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдарға жоғалтқан табысты өтеу мақсатындағы аннуитеттік төлемдер, сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылатын зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша төлемдер сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігі туралы толығырақ →