Мәртебесі: Директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі, тәуелсіз директор.
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2026 жылғы 23 ақпан.
Білімі:
Е. А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, 1997-2001 жж., Қазақстан тарихы.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2001-2006 жж., автоматтандырылған жобалау жүйелері.
Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, 2016-2018 ж.ж. «Ақпараттық менеджмент (CIO)» MBA.
Сертификаттары:
«Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің менеджері» біліктілігі бойынша кәсіби құзыреттілігін растайтын EOQ сертификаты (EOQ Information Security Management System Manager). Сертификат EOQ құзыреттілік спецификациясына және 27001 сертификаттау схемасына сәйкес білім мен дағдылардың болуын растайды, редакция 2022.
Кәсіби тәжірибесі:
Ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы 26 жылдан астам тәжірибе, соның ішінде АТ саласындағы өнімдер мен бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, АТ саласындағы компанияларды басқару, қаржы секторы ұйымдарында ат бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі.
Келесі ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар:
«СК «Валют-Транзит Полис» АҚ, «ABS Kvazar Micro» ЖШС, «Business Applications Solutions» ЖШС, «BAS Consulting» ЖШС, «UCO» ЖШС, «Effica» ЖШС. «SmartCo Solutions» ЖШС даму жөніндегі директоры болып табылады.
Келесі компаниялардың қатысушысы болып табылады:
«Effica» ЖШС, «UCO» ЖШС тікелей қатысу.
Басқару органдарындағы жұмыс тәжірибесі:
23.02.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - тәуелсіз директор, «Nomad Life» ӨСК»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
«Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері:
04.09.2026 жылдан бастап - Директорлар кеңесі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы және 26.02.2026 ж.бастап – «Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі.
Негізгі құзыреттер: Ақпараттық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздік, ұйымдарды басқару.