Жинақ банкі және НОМАД LIFE өз клиенттері үшін үш жылдан бастап он жылға дейінгі мерзімге инвестициялау кезінде жоғары табыстылықты кепілдендіретін «Золото Номадов» өнімін іске қосты.
Қазақстандық нарықта ұсынылып отырған бұл бірегей өнімге өмірді сақтандыру полисі мен инвестициялық құралдың артықшылықтары жатады. Полис бойынша барлық сомалар полистің қолданылу мерзіміне байланысты АҚШ долларымен индексацияланады.
Осылайша, полисті 3 жылдан бастап 10 жылға дейінгі мерзімге 10 000 АҚШ доллары сомаға жасасу кезінде қорытынды сақтандыру сомасы (сақтандыру төлемі) 10 705 бастап 13 761 АҚШ долларына дейін төлемді құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемі сақтандыру мерзімі аяқталған жағдайда да, сондай-ақ мерзімінен бұрын да, сақтандыру оқиғасы басталған кезінде жүзеге асырылады.
Жинақ банкінің барлық клиенттері «Золото Номадов» инвестициялық өнімі іске қосылғаннан бастап алғашқы бір ай ішінде 50.000 АҚШ долларынан жоғары сомаға полисті ресімдеген кезде сыйлыққа iPhone X (256 Гб) алады.
«Золото Номадов» инвестициялық өнімі бойынша тіркелу және полисті ресімдеу үрдісі znsb.kz сайтында онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Өнім туралы толық ақпаратты http://sberzoloto.kz/ сілтемесі бойынша біле аласыз.
Анықтама:
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк 9 жылдан бері Қазақстанның қаржы нарығында табысты түрде жұмыс жасап келеді және Қазақстанның ЕДБ арасында активтердің көлемі бойынша 4-ші орынға ие. Бүгінгі таңда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ның 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның ішінде 16 филиал. Банктің орталық офисі Алматы қ. орналасқан.
«НОМАД Life» ӨСК» АҚ – активтер, пайда, сақтандыру төлемдерінің мөлшері және қалыптасқан сақтандыру қорлары бойынша өмірді сақтандыру саласындағы көшбасшы. «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ өзінің дамыған сату желісі бар. Компанияның 16 филиалы және Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарында 5 өңірлік кеңсесі бар.