Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
22 қазан, 2020

«Nomad Life» ӨСК» АҚ рейтингтерінің көтерілуі операциялық жағдайлар нашарлаған немесе күтпеген ірі шығындар орын алған жағдайда бизнестің одан әрі өсуін және өтімділіктің жеткілікті көпшігін қамтамасыз ететін капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруын көрсетеді. Бұдан басқа, компания менеджменті активтерді бөлуге қатысты сарапталған саясатты жүргізуге бағытталғанын атап өтеміз, ол кредиттік сапасы орташа есеппен «ВВВ» рейтингтік санатынан кем емес активтерге инвестициялауға бағытталған. Бұл өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруына, соңғы екі жыл ішінде инвестициялық портфель тәуекелдерінің біртіндеп төмендеуіне және инвестициялар сапасының жақсаруына әкелді» – деп есептейді S&P талдаушылары. ҚҚҚ талдау орталығының есебіне сәйкес «Nomad Life» компаниясы ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша активтердің өсімі бойынша бірінші орынды иеленді.

 

«S&P Global Ratings рейтингінің артуы Компанияның үздіксіз дамуын растайды. Біз бір орында тұрмаймыз – сақтандырудың жаңа және тиімді бағдарламаларын нарыққа шығарамыз, өмірді сақтандыру саласын дамыту бойынша нарықпен бірлесіп жұмыс істейміз. Қаржы институтының сенімділігі қызметі ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты өмірді сақтандыру бойынша сақтандырушыны таңдау кезінде клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады»,  –  деді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.