Құрметті достар,
«Nomad Life» ӨСК» АҚ Сіздерге келесі ақпаратты хабарлайды.
2020 жылы 1 қыркүйекте Қазақстанның президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдаумен шығып, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басты басымдық - азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты екенін айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй алуға, қымбат емделуге қолдануға немесе жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беруге құқық беру үшін дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, зейнетақы аннуитет шартын жасаған сақтанушылар «БЖЗҚ» АҚ-да қалған және (немесе) қосымша жиналған зейнетақы жинақтарының барлығын немесе бір бөлігін қолдануға құқылы:
Толық ақпарат алу үшін 8 (727) 320 10 60 телефоны бойынша Сүйемелдеу департаменті не ұялы телефоннан 3260 қысқа нөміріне хабарласуыңызды (қоңырау шалу тегін), немесе Компанияның өңірлік кеңсесіне баруыңызды сұраймыз.