Нақты сақтандыру бағдарламасының ережелерімен көзделген өзгерістер мен толықтырулар Сақтанушыдан алынған өтініш негізінде жүзеге асырылып, осындай өзгеріске (толықтыруға) Сақтандырушының келісімімен жаңартылған сақтандыру полисін және/немесе оған қосымшаларды беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді. Сақтандыру шарты әрекет еткен кезең ішінде:
Өзгерістер қолданыстағы сақтандыру шартына енгізіледі (яғни сақтандыру жарналары бойынша мерзімін өткізіп алу болмаған кезде).
Сақтандыру полисінің түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда:
Телнұсқа сақтандыру полисі бойынша берешек болмаған кезде беріледі, яғни сақтандыру полисі жарамды болуы тиіс.
Бұл жағдайда клиентке осы мәселені шешудің мынадай үлгілерін ұсынуға болады:
Алдын ала (яғни жылдық туындаған кезге дейін) сақтандыру жарнасының мөлшерін азайтуға және/немесе сақтандыру жарнасын төлеу тәртібін өзгертуге өтінішпен жүгіну. Бұдан кейін Сақтанушыда сақтандыру жарнасының мөлшерін ұлғайту бойынша өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі бар (сақтандыру шартының жылдығына).
Сақтандыру шартымен сақтандыру шарты әрекет ететін және Компания осы мерзімін ұзарту кезеңінде болған сақтандыру оқиғасы бойынша жауапкершілікті көтеретін мерзімін ұзарту кезеңі (мерзімі өткен жарна күнінен бастап 30 күнтізбелік күн) барын ескеру.
Компанияға сақтандыру жарнасын төлеу бойынша қосымша мерзімін ұзарту кезеңін ұсынуға өтінішпен жүгіну.
Мерзімін ұзарту кезеңі өткеннен кейін (сақтандыру жарналары бойынша берешекті төлемеген жағдайда) сатып алу сомасы бар болған кезде сақтандыру шарты азайтылған сақтандыру сомасына әрекет етеді, яғни өз әрекет етуін Төленген сақтандыру полисі ретінде жалғастырады. Бұл жағдайда Сақтанушы кейінгі сақтандыру жарналарын төлеу бойынша міндеттемеден босатылады. Бұл ретте Төленген сақтандыру полисі табысқа одан әрі қатысу құқығын сақтайды. Кейін Сақтанушы сақтандыру шартының әрекет етуін қалпына келтіруді жүзеге асыра алады.
Қарыз сомасын ескерумен айқындалатын мерзімге сақтандыру шарты бойынша кезекті сақтандыру жарналарын төлеу бойынша мерзімін ұзарту түріндегі қарызды (сатып алу сомасының шегінде) алу.
Жыл сайын, сақтандырудың үшінші жылынан бастап, Компания қолданыстағы Сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру дивидендтері түрінде кейін бөлінуге жататын пайда сомасын айқындайды. Бұл ретте Төленген сақтандыру полистеріне ауыстырылған Сақтандыру шарттарының пайдаға қатысуға құқығы сақталады. Сақтандыру дивидендтері Сақтандыру полисінің жылдығына есептеледі. Қолданыстағы Сақтандыру шарттары арасында бөлінетін пайданың көлемі туралы шешім Компания Директорларының кеңесімен қабылданады.
!Сақтандыру дивидендтері жинақтау кезеңінде, сондай-ақ төлем кезеңінде де есептеледі.
Сақтандыру шарты бойынша есептелген сақтандыру дивидендтері бонустық сақтандыру сомасының шамасына қосымша сақтандыру қорғауын сатып алуға арналған біржолғы жарна түрінде пайдаланылады.
Бонустық сақтандыру сомасының, бонустық аннуитеттік төлемнің, сондай-ақ бонустық сатып алу сомасының көлемін есептеу қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен реттелетін Компанияның лицензияланған актуариімен жүргізіледі.
Сақтандыру оқиғасы кезінде, соның ішінде сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін жеткен жағдайда, бонустық сақтандыру сомасы Сақтандыру шартында аталған кепілді сақтандыру сомасына қосымша төленеді.
Компания Сақтандыру полисінің үшінші жылдығынан бастап әр жыл сайын Сақтанушыға есептелген сақтандыру дивидендінің, бонустық сақтандыру сомасының, бонустық аннуитеттік төлемнің және бонустық сатып алу сомасының мөлшері аталған хабарлама-хатты жібереді. Осы хабарлама-хат Сақтандыру шартының ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Сақтанушы өмірді жинақтық сақтандыру шарты бойынша өз полисін кепілге қойып, Компаниядан жеңілдікті қарызды ресімдей алады. Қарыз сомасы сатып алу сомасының мөлшерінен артпайды. Сатып алу сомасының мөлшері полисте көрсетілген (сатып алу және азайтылған сомалардың кестесі), жыл сайын сатып алу сомасы өседі. Компания өтінішті қарау үшін комиссияны алмайды, клиент қарызды ресімдеу үшін қосымша шығындарды жүзеге асырмайды. Бұл ретте, сақтандыру шарты жарамды болып қала береді, яғни клиент сақтандыру қорғауы астында болады. Қарыз бір жыл мерзіміне ресімделеді, өтеу кезеңділігін клиент өз бетінше таңдайды (жартыжылда бір рет және бір жола, яғни бір жылдан кейін).
Қарыз алу шарттары өте қарапайым:
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар ма? ӨСК шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда барлық жинақ сомасын қолға алуға бола ма?
Шартты жасасқан адам оны жасасқан күннен бастап 2 жыл ішінде шартты бұзуға құқылы емес.
Шартты мерзімінен бұрын бұзу басқа сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу шартымен мүмкін.
Мерзімімен бұрын бұзу кезінде Сақтандырушы Сақтанушының берешегін шегерумен сатып алу сомасын жаңа Зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына аударуға міндетті. Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде онымен көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін және Сақтандырушының істі жүргізуге сақтандыру сыйлықақысының сомасынан 3 % мөлшеріндегі шығындары сомасын шегерумен төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауы тиіс. Осылайша, Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын бұзу тек Сақтанушы басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана мүмкін. Бұл ретте, Сақтанушы ақшаны қолына алмайды.
Егер Сақтанушы Шартпен көзделген кепілді сақтандыру төлемдерін толық көлемде алмаса не мүлдем алмаса, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің Сақтандырушымен төленбеген кепілді сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) қызметкерлердің саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартына негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісімді жасасу жолымен өзгерістер (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысы сомасының мөлшері бөлігінде) енгізіледі.
Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгеруі сомасынан және негізгі шарттың аяқталуына дейін қалған мерзімнен шыға отырып есептелінеді. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасасқан тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне бара-бар есептелінеді.
Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс.
Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға
Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс
Сақтандырудың осы түрі, мемлекеттік мекемелерден басқа, барлық жұмыс берушілер үшін сақтандырудың міндетті түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 175 бабы 2 тармағына сәйкес –
барлық сұрақтар телефон арқылы:
ұялы телефоннан: 3260 (тегiн)
Алматы қ., Республика алаңы, 15 1 қабат
факс: 320 10 59