ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында "Nomad Life" ӨСК" АҚ-да Директорлар кеңесінің шешімі бойынша құрылған Директорлар кеңесінің комитеттері жұмыс істейді. Комитеттер консультациялық-кеңесші органдар болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Компания Жарғысына және ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

Комитеттердің Тізбесі:

Директорлар кеңесінің Ішкі аудит мәселелері жөніндегі Комитеті

Директорлар кеңесінің 02.02.2012 жылғы шешімі бойынша ішкі аудит мәселелерін алдын ала қарау және Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау мақсатында қалыптастырылды.

Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті

Директорлар кеңесінің 02.02.2012 жылғы шешімі бойынша стратегиялық, кадрлық және әлеуметтік мәселелерді алдын ала қарау мақсатында қалыптастырылды.

Директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқару және орнықты даму жүйесі мәселелері жөніндегі комитеті

Директорлар кеңесінің 05.01.2026 жылғы шешімі бойынша климаттық тәуекелдер мен климаттық күн тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және орнықты даму жүйесінің мәселелерін алдын ала қарау мақсатында құрылды.