ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
Камбетбаев Ерлан Булатович

Камбетбаев Ерлан Булатович

Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

 

Мәртебесі: Директорлар кеңесінің атқарушы мүшесі, тәуелсіз директор болып табылмайды.

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2022 жылғы 01 қараша.

Білімі:

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1989-1994 жж., физика.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1994-1998 жж., қаржы және несие.

Кәсіби тәжірибесі:

Қаржы ұйымдарын басқару, стратегиялық басқару, қаржылық-экономикалық талдау, несиелеу, маркетинг және бизнесті дамытуды қоса алғанда, банк және сақтандыру секторларында 30 жылдан астам тәжірибе. Қаржы ұйымдарының атқарушы органдары мен басқару органдарында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

Келесі ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар:

 «Казкоммерцбанк» АҚ Теміртау филиалы, «БанкТуранАлем» ЖАҚ, «Алматы сауда-қаржы банкі» ( «АТФ Банк» ААҚ), «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ), «Қазақстан Халық Банкінің «Халык-Life» өмірді сақтандыру бойынша Еншілес ұйымы» АҚ, «Казахинстрах» АҚ, «Nomad Life» ӨСК» АҚ.

Басқару органдарындағы жұмыс тәжірибесі:

01.11.2022 жылдан осы уақытқа дейін – «Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің атқарушы мүшесі.

03.11.2022 жылдан бастап - Директорлар кеңесінің Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі.

01.11.2022 жылдан бастап – «Nomad Life» ӨСК» АҚ инвестициялық комитетінің төрағасы.

03.11.2022 жылдан бастап – «Nomad Life» ӨСК» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару кеңесінің Төрағасы.

Негізгі құзыреттер: Қаржы, Корпоративтік басқару, стратегиялық басқару, қаржы ұйымдарын басқару, банк және сақтандыру қызметі, қаржылық-экономикалық талдау.