ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Мынбаев Алмас Саятович

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

 

Мәртебесі: Директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі, тәуелсіз директор болып табылмайды.

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: 2011 жылғы 24 қараша.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, 1991-1996 жж., құқықтану, біліктілігі-заңгер.

Кәсіби тәжірибесі:

Банк және сақтандыру секторларында, жер қойнауын пайдалануда 30 жылдан астам тәжірибесі Қаржы, мемлекеттік және өзге де секторлар ұйымдарында басшылық және кәсіби лауазымдарды, қаржы ұйымдарын басқару тәжірибесін, стратегиялық басқару мен бизнесті дамытуды атқарды.

Келесі ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар:

«Казкоммерцбанк» ААҚ,  «Имашев и партнёры» ЖШС, «Агроцентр» ЖШС, «КЕГОК» ААҚ, «Алаутрансгаз» ААҚ, «Қазақстан Халық Жинақ банкі» ААҚ, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі, сондай-ақ сақтандыру секторының ұйымдарында: «Астана – финанс» ӨСК» АҚ, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ, «Nomad Life» ӨСК» АҚ. 

Басқару органдарындағы жұмыс тәжірибесі:

14.11.2007 жылдан осы уақытқа дейін — «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

24.11.2011 жылдан осы уақытқа дейін — «Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері:

01.06.2022 ж. бастап - Директорлар кеңесінің Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі.

Келесі компаниялардың қатысушысы болып табылады:

1) тікелей қатысу: Koktenkol Resources Limited жеке компаниясы, Sun Avenue Partners Corp. (British Virgin Islands);

2) жанама қатысу: Sunkar Resources Limited Plc (England), «Темір Сервис» ЖШС.

Негізгі құзыреттер: құқық, корпоративтік басқару, қаржы және сақтандыру саласы, ұйымдарды басқару.