ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
18 ақпан, 2026

«Nomad Life» ӨСК» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенге» Тұрақты даму және ESG жөніндегі кеңес құрамына қосылу ниеті туралы ресми өтініш жолдады.

Біз үшін ESG — жеке бір «күн тәртібі» емес, компанияны басқарудың нақты жұмыс құралы. Біз тұрақты даму қағидаттарын корпоративтік басқару жүйесіне, тәуекелдерді басқаруға және негізгі бизнес-процестерге жүйелі түрде енгізіп келеміз — қабылданатын шешімдер жауапты, ашық әрі клиенттер, серіктестер және қызметкерлер үшін ұзақ мерзімді тиімді болуы үшін.

Кеңеске мүшелікке өтуді келесі қадам ретінде қарастырамыз: бұл — кәсіби диалог алаңы, тәжірибе алмасу мүмкіндігі және нарық деңгейінде ESG тәсілдерінің жетілген моделін қалыптастыруға қатысу.

Өтінішті қарау нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз.