30 сәуір күні Nomad Life пен Nomad Insurance басқарма мүшелері кеңседен шығып, Алматы қаласындағы №23 мектеп аумағына он түп шырша отырғызды.
Бізге пайдалы іс жасау үшін арнайы себеп қажет емес. Біз жұмыс істейтін ел — жай ғана фон емес, бұл біздің өмір сүріп жатқан ортамыз. Сондықтан оның жақсырақ болғанын қалаймыз. Бұл бастама — біздің ESG-стратегиямыздың бір бөлігі: нәтижесі де, мәні де бар жүйелі жұмыстың көрінісі.
Ағаш — ұзақ мерзімді инвестиция. Ол жыл соңына дейін нәтиже бермейді, бірақ дәл қазір осы мектепте оқып жүргендерге де, жиырма жылдан кейін келетіндерге де көлеңке, таза ауа және тіршілікке толы аула сыйлайды.
Мектеп директоры мен оқушылар бізді шелек-шелек сумен және көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Біз де сондай көңіл-күймен тарқастық.
Бұл бір реттік акция емес — біз жалғастырамыз.