Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Зейнетақылық сақтандыру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің өзекті нормаларына сәйкес жасалған

Бағдарлама Сіз өмір бойы алуға болатын, кезеңдік сақтандыру төлемдерін болжайды. Сіздің кепілдендірілген зейнетақыңыз тиянақталған болады, бірақ оны зейнетақы қоры емес, отандық өмірді сақтандыру нарығының көшбасшысы – сақтандыру компаниясы береді. Сіз қаржылық күйзелістерден және қиын жағдайлардан сенімді қорғаласыз.

БАҒДАРЛАМА БОНУСТАРЫ

Зейнетақыны 50 жастан бастап өмір бойы алу мүмкіндігі
Төлемдердің жыл сайынғы 7%-ға ұлғаюы (индекстеу)
Мүгедектігі бар адамдар зейнетақы аннуитетін қолжетімді бағамен алып, сонымен қатар жоғарылатылған төлемдерді ала алады
Кепілдендірілген мерзім ішінде мұрагерлердің төлемдерді алу мүмкіндігі
Төлемдерге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік береді

БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

СІЗ ШАРТТЫ ЖАСАСУҒА ӨТІНІШТІ ҰСЫНАСЫЗ
Зейнетақы аннуитет шартына қол қоясыз.
10 КҮНТІЗБЕЛІК КҮН ІШІНДЕ СІЗ БЖЗҚ ХАБАРДАР ЕТІП,
зейнетақы аннуитет шартының бір данасын ұсыну қажет
СІЗДІҢ ХАБАРЛАМАҢЫЗДАН КЕЙІН 5 ЖҰМЫС КҮН ІШІНДЕ
БЖЗҚ Nomad Life-қа шартта көрсетілген жинақ сомасын бірден аударады.
NOMAD LIFE САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

ШАРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ:

Бағдарлама I. Төлемдердің кепілді мерзімінсіз өмірбойлық шарт

  • Шартты бекіту үшін қажетті Зейнетақы жинақтарының барлық сомасы немесе оның шартты бекітуге жеткілікті бөлігі зейнетақы қорынан «Nomad Life» ӨСК» АҚ-на аударылады;
  • Төлемдер Сізге өмір бойы ай сайын төленіп тұрады. Бұл бағдарлама мұрагерлері жоқтарға лайықты.

Бағдарлама II. Төлемдердің кепілді мерзімімен өмірбойлық шарт.

  • Шартты бекіту үшін қажетті Зейнетақы жинақтарының барлық сомасы немесе оның шартты бекітуге жеткілікті бөлігі зейнетақы қорынан «Nomad Life» ӨСК» АҚ-на аударылады;
  • Төлемдер Сізге өмір бойы ай сайын төленіп тұрады;
  • Сақтанушы қайтыс болған жағдайда зейнетақылық аннуитет шарты бойынша төлемдер зейнетақылық аннуитет шартында көрсетілген мұрагерге кепілді мерзім аралығында төленіп тұрады.

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ШАРТТАРЫ:

  1. Сақтандыру компаниясы Клиентке жүзеге асыратын тұрақты мерзімді аударымдардың (аннуитеттік төлемдер) мөлшері сақтандыру сыйлықақысының сомасына байланысты болады. Алайда, ай сайынғы төлем (ҚР Әлеуметтік кодексі бойынша) шарт жасасу күніне ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.
  2. «2024 — 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 407 теңгеге тең. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жасалған күнге ең төменгі ай сайынғы төлем, осылайша 30 385 теңгені құрайды. Осы көрсеткіштен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажетті ең төменгі сыйлықақы есептеледі.
  3. Төлемдер ай сайын төленіп тұрады.

ШАРТТЫ БЕКІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Зейнетақы аннуитеті шартын БЖЗҚ-да зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті *жинақтары бар тұлғалар жасай алады::

Кейінге қалдырылған** зейнетақы аннуитеті шартын:

  1. 45 жастан үлкен
  2. Жиынтық кемінде 60 күнтізбелік айға оларға МКЗЖ төленген, 40 және одан үлкен жастағы тұлғалар жасай алады.

Дереу** зейнетақы ауннуитеті шартын:

  1. 53 жастан (әйелдер үшін) және 55 жастан үлкен (ерлер үшін)
  2. жиынтық кемінде 60 күнтізбелік айға оларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) төленген, 50 және одан үлкен жастағы тұлғалар жасай алады.

* Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 Басқарма қаулысының және ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес есептелген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы.

2023 жылы базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңгені құрайды.

**Кейінге қалдырылған деп белгілі мерзімнен кейін өмір бойылық төлемдермен аннуитет аталады. Бұл мерзімге дейін сақтандыру компаниясы ақшаны инвестициялайды және осы салымдардан пайыздарды жинайды.

**Дереу деп сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін бірден басталатын өмір бойылық төлемдермен аннуитет аталады.

2024 ЖЫЛЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТЫН ЖАСАСУ ҮШІН ЖЕТКІЛІКТІ ЕҢ ТӨМЕНГІ сыйлықақысы

Кейінге қалдырылған аннуитет Дереу аннуитет
МКЗЖ болған кезде МКЗЖ-сыз МКЗЖ болған кезде МКЗЖ-сыз
40 жылдан (Ерлер) 6 625 999 45 жылдан (Ерлер)

7 805 681

50 жылдан (Ерлер) 7 271 954 55 жылдан (Ерлер) 8 566 641
40 жылдан (Әйелдер) 8 642 663 45 жылдан Әйелдер 

9 773 444

50 жылдан (Әйелдер) 9 485 219 53 жылдан (Әйелдер) 11 233 746

ЖҮКТЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРIСоңғы өзгерту 14.09.21 13:00 енгізілген