Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

ZOLOTO NOMADOV- валютада 4,1%-ға дейін жоғары пайыздық мөлшерлемемен жинақтаушы сақтандыру бағдарлама.

Қолайсыз жағдайлардан қорғау арқылы, біз Сіздің капиталыңызды сақтаймыз және көбейтеміз.

Бірегей бағдарлама өзіне сақтандыру және банк өнімдерінің мүмкіншілігін сабақтастырады. Сіз белгілі мерзімге валютада кепілдендірілген жинақты аласыз, ал салымның бүткіл мерзімінде жер шарының барлық жерлерінде тәулік бойы сақтандыру қорғауы әрекет етеді.

Сонымен қатар, заңды артықшылықтарын ұмытпаңыз: салымдар декларацияланбайды және тәркілеуге жатпайды. Ұзақ мерзімді доллардағы жинақтар – қаржылық ауытқулардан және күтпеген жағдайлардан керемет қорғаныш!

Сақтандырудың артықшылықтары

Дүние жүзі бойынша сақтандыру арқылы қорғау 24/7
$-да кепілдікті инвестициялық кіріс 4,1% дейін
Жинақ ақшаны сақтау
Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
Сіздің пайдаңыз
50 000$

Сіздің сақтандыру сыйлықақыңыз

3 жыл

50 000$ + 4 007$

54 007$ - Сақтандыру сомасы (келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне белгіленеді)

Жылдық тиімді мөлшерлемеге тиісті инвестициялық кіріс 2,6%

50 000$

Сіздің сақтандыру сыйлықақыңыз

10 жыл

50 000$ + 18 887$

68 887$ - Сақтандыру сомасы (келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне белгіленеді)

Жылдық тиімді мөлшерлемеге тиісті инвестициялық кіріс 3,26%

50 000$

Сіздің сақтандыру сыйлықақыңыз

20 жыл

50 000$ + 61 770$

111 770$ - Сақтандыру сомасы (келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне белгіленеді)

Жылдық тиімді мөлшерлемеге тиісті инвестициялық кіріс 4,1%

  • Шарттың бүткіл мерзіміне кірістіліктің жоғары мөлшерлемесі;
  • Девальвациялық тәуекелдерден қорғау;
  • Салынған қаражаттан 80%-ға дейін сақтандыру шартының қолданылуының екінші күнінен бастап-ақ полисті кепілге қою арқылы төмен мөлшерлеме бойынша теңгеде қарыз алу мүмкіндігі. Сақтандыру қорғауы толық көлемде әрекет етеді;
  • Сақтандырудың бірінші жылы өткеннен кейін жоғалтусыз бүткіл салынған ақшаны мерзімінен бұрын шешу мүмкіндігі;
  • Таңдап алынған мерзімділікпен сыйақының бөлігін алу мүмкіндігі;
  • Сақтандыру шартының барлық талаптары туралы мәліметтер жариялануға жатпайды, сақтандыру құпиясы болып табылады.
  • Сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде Сіздің қаражатыңыз:
    • тәркілеуден қорғалған;
    • тыйым салуға жатпайды;
    • ажырасу кезінде ерлі-зайыптылармен бөлісуге жатпайды;
    • мүліктік дау кезінде үшінші тұлғалардың наразылықтарынан қорғалған.
Сақтандыру сыйлықақысы 50 000$ болғанда есептеу мысалы
Сақтандыру мерзімі 1,5 жыл 2 жыл 3 жыл 4 жыл 5 жыл 6 жыл 7 жыл 8 жыл 9 жыл 10 жыл 11 жыл 12 жыл 13 жыл 14 жыл 15 жыл 16 жыл 17 жыл 18 жыл 19 жыл 20 жыл
Сақтандыру сомасы 51 129$ 52 485$ 54 007$  55 931$  57 901$ 59 980$ 62 113$ 64 293$ 66 525$ 68 887$ 71 418$ 74 011$ 76 788$ 79 658$ 82 625$ 86 625$ 91 225$ 96 122$ 101 480$ 111 770$
Инвестициялық кіріске тиісті сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 1,50% 2,46% 2,60% 2,84% 2,98% 3,08% 3,15% 3,19% 3,22% 3,26% 3,29% 3,32% 3,36% 3,38% 3,41% 3,50% 3,60% 3,70% 3,80% 4,10%

Инвестициялық кіріс

1 129$

2 485$

4 007$

5 931$

7 901$

9 980$

12 113$

14 293$

16 525$

18 887$

21 418$

24 011$

26 788$

29 658$

32 625$

36 685$

41 225$

46 122$

51 480$

61 770$

Кірістілік

2,25%

5%

8%

12%

16%

20%

24%

29%

33%

38%

43%

48%

54%

59%

65%

73%

82%

92%

103%

123%

Бағдарлама шарттары

Ұзақ мерзімді сақтандыру

САҚТАНДЫРУ МЕРЗІМІ:

1,5-нан 20 жылға дейін

Біржолғы төлем

САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫНЫҢ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМІ

1000$-дан бастап

Жас шектеулері

САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ ЖАСЫ

18-ден
70 дейін

Сақтандыру арқылы қорғау

НЕГІЗГІ САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУ:

Сақтандыру мерзімінің аяқталуы, кез келген себеппен өмірден өту

Қаржылық стандарттар

ПОЛИС ВАЛЮТАСЫ:

АҚШ доллар

 

                                                                                                                  

Компанияның кепілдіктері

Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтандыру компанияларының қызметінің аудиті міндетті сипатқа ие. Аудитке кәсіби аудиторлық ұйым тартылады.

Сыртқы аудиторлық тексеріс нәтижелеріне қолжетімділікті қалай алуға болады? Олар сақтандыру компаниясының сайтында, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийіне тиесілі ресурс беттерінде жарияланады.

2012 ж. бастап 2022 ж. дейін сыртқы аудитті жүргізу бойынша кәсіби көмекке біз әлемдік алаңда өзін жоғары көрсеткен, халықаралық білікті сарапшыларға жүгіндік. 2022 ж. тексерісті «Grant Thornton» ЖШС жүргізді.

Компания инвестициялық қызметті ресми құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Реттеуші орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

ҚР ҰБ-ның 26.12.2016 ж. № 304 Басқарма қаулысы инвестициялық салымдарға рұқсат берілетін, рұқсат берілген қаржы құралдарын белгілейді. Құжатта сонымен қатар эмитенттердің және инвестициялық лимиттердің күтілетін рейтингілері көрсетілген. Пруденциялық нормативтер талаптарының орындалуын растау үшін біз ҚР ҰБ-ға есептер (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жыл сайын) береміз. Есептер сондай-ақ активтердің стресс-тестілеу нәтижелерін, инвестициялау лимиттерін сақтауды көрсетеді және қаржы құралдарының нарықтық бағасын айқындайды.

Біздің еліміздің аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын кез-келген сақтандыру компаниясына есептілікті беру бойынша белгіленген нормаларды сақтау маңызды. Берілген деректердің сәйкессіздігі немесе негізсіздігі санкциялар қолдану үшін және қызметті шектеу үшін себеп болуы мүмкін.

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға «ВВ+» (болжамы тұрақты) деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингті берді. Сонымен қатар Компания «kzАА» деңгейінде ұлттық шәкілі бойынша рейтингке ие болды.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ рейтингтерінің көтерілуі операциялық жағдайлар нашарлаған немесе күтпеген ірі шығындар орын алған жағдайда бизнестің одан әрі өсуін және өтімділіктің жеткілікті көпшігін қамтамасыз ететін капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруын көрсетеді. Бұдан басқа, компания менеджменті активтерді бөлуге қатысты сарапталған саясатты жүргізуге бағытталғанын атап өтеміз, ол кредиттік сапасы орташа есеппен «ВВВ» рейтингтік санатынан кем емес активтерге инвестициялауға бағытталған. Бұл өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруына, соңғы екі жыл ішінде инвестициялық портфель тәуекелдерінің біртіндеп төмендеуіне және инвестициялар сапасының жақсаруына әкелді» – деп есептейді S&P талдаушылары.

S&P Global Ratings рейтингінің артуы Компанияның үздіксіз дамуын растайды. Біз бір орында тұрмаймыз – сақтандырудың жаңа және тиімді бағдарламаларын нарыққа шығарамыз, өмірді сақтандыру саласын дамыту бойынша нарықпен бірлесіп жұмыс істейміз. Қаржы институтының сенімділігі қызметі ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты өмірді сақтандыру бойынша сақтандырушыны таңдау кезінде клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады. 

Компания халықаралық рейтинг агенттіктерінің «Үлкен үштігіне» (Standard & Poor’s, Moody’s, Fitch Ratings) кіретін агенттіктен өмірді сақтандыру саласында ТМД елдерінің аумағында ең жоғары рейтингке ие болды.

Сонымен қатар, "Nomad Life" ӨСК" АҚ Қазақстанның қаржы нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан ойыншылардың бірі және әлеуметтік жауапты бола отырып, Компания саладағы ең үлкен салық төлеуші болып табылады.

Өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді көрсететін компаниялардың қызметін, оның ішінде біздің қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен реттеледі. Пруденциялық нормативтерді қаржылық сектордың барлық қатысушылары орындауға міндетті. Нормалар Банк Басқармасының 26.12.2016 ж. №304 Қаулысында аталған.

Осы ережелерге сәйкес, келесі нормативтерді сақтау қажет.

  • Активтердің әртараптандыруы (тәуекелдердің артараптандыруы үшін).
  • Жарғылық капиталдың мөлшері (2020 ж. min 1,5 млрд теңге).
  • Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі (белгілі мерзімге төлемдер бойынша өтімділікті қамтамасыз ету үшін).
  • Төлемқабілеттіліктің маржасының жеткіліктілігі (активтер міндеттемеден асады, төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету үшін кепілдік қорының деңгейіндегі маржа).

Қызмет көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты жағдайлар үшін қосымша пруденциялық нормативтер қарастырылған (тұрақтандырушылық қор, күтпеген тәуекелдердің қоры).

Біздің қызмет

CALL CENTER
Барлық мобильдік операторларға тегін нөмір – 3260
ДЕРБЕС МЕНЕДЖЕР
«Nomad Life» маманы Сізге кеңес беру үшін әрқашан байланыста
ТҰРАҚТЫ ЖІБЕРІЛІМ
Сақтандыру нарығының жағдайы туралы өзекті ақпаратты жіберу

ӨТІНІМ ҚАЛДЫРУОнлайн рәсімдеу

Жүктеуге арналған құжаттар

ZOLOTO NOMADOV САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 15.03.23 16:48 енгізілген
ZOLOTO NOMADOV LIGHT САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 15.03.23 16:48 енгізілген
САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРI Соңғы өзгерту 09.03.23 17:44 енгізілген
JUSAN LIFE LIGNT САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 10.03.23 10:39 енгізілген
JUSAN LIFE САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 10.03.23 10:39 енгізілген
JUSAN LIFE PLUS САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 04.04.23 15:52 енгізілген