«НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның құрметі клиенттері!
Осы арқылы «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) 01.07.17 ж. бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Републикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) талабының күшіне енгені туралы хабарлаймыз, соған сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс (оның ішінде жинақтау сақтандыру шарты бойынша төлем) алатын жеке тұлға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘМС) есептелген кірістен 5% көлемінде жарна жүзеге асыруға міндетті.
Соған байланысты Компания мен Сіздің араңызда жасалған жасалған шарт бойынша кірістен (салық агенті ретінде) жоғарыда көзделген жарна ұсталатын болады.
Заңның 29-бабына сәйкес жарнаны есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлға кірісінің барлық кірісінің сомасы бойынша есептелуі тиіс және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселік ең төменгі көлемінен аспауы тиіс.
Соған байланысты басқа заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты бойынша Сізден кіріс алған жағдайда, кіріс алу айынан кейінгі келесі айдың 1-і күніне дейінгі мерзімде Сізден басқа заңды тұлғаға берілген есептелген кіріс сомасы, есептелген және төленген жарна туралы анықтаманы ұсынуыңызды (тұрақты негізде) сұраймыз.
МӘМС бойынша жарна төлеуден босату үшін Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес МӘМС Қорына жарна төлеуден босатылған тұлға Компанияға кіріс алған айдан кейінгі айдың 3-і күніне дейінгі мерзімде өтініш Соңғы өзгерту 01.01.70 06:00 енгізілген пен растаушы құжаттар тапсыруы қажет.»
Сондай-ақ Сіз жинақтау сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру төлемінен МӘМС жарнасын есептеуге және аударуға қатысты өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компаниясының ұсынысына Денсаулық сақтау министрлігінің жауабыменСоңғы өзгерту 01.01.70 06:00 енгізілген таныса аласыз.