Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
29 мамыр, 2020

Енгізілген карантин кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралмауы мақсатында «Nomad Life» ӨСК» АҚ өз клиенттеріннен, серіктестерінен және өзге келушілерден аса қажеттілік туындамаса,  Компанияның барлық кеңселеріне келуден уақытша тартынуды, мүмкіндігінше, қашықтан өзара әрекеттесудің тәсілдерін (Компанияның info@nomadlife.kz электрондық поштасы, колл-орталығы 3260 арқылы) пайдалануды сұрайды.

Клиенттер, серіктестер немесе өзге келушілер Компанияның кеңселеріне алдын ала хабарлау арқылы және жеке қорғану құралдары (бетперде/респиратор, резеңке қолғаптары) бар болған жағдайда ғана жеке келуі мүмкін болатынына назар аудартамыз.

 

Компанияның клиенттеріне, серіктестеріне немесе өзге келушілерге қызмет көрсету қажетті әлеуметтік аралықтың сақталуымен жүзеге асырылады.