Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
12 қазан, 2020

Құрметті сақтанушылар, кредиторлар және өзге тұлғалар, «Nomad Life» ӨСК» АҚ «Zoloto Nomadov Invest» сақтандыру өнімі бойынша 2020 жылғы 15 қарашадан бастап «Технологиялар» инвестициялық портфелінің бірін таратқаны туралы хабарлайды.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ аналитикалық зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша «Жоғары технологиялар» жаңа инвестициялық портфелі әзірленді, онда базалық индекс «Nasdaq-100 Total Return» индексі болып табылады.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ «Технологиялар» инвестициялық портфелінің таратылуына байланысты 2020 жылғы 15 қарашаға дейін:

1) сақтанушылардың активтерді «Технологиялар» инвестициялық портфелінен басқа инвестициялық портфельдерге ауыстыру туралы өтініштерін қабылдайды;

2) талаптары «Технологиялар» инвестициялық портфелінің активтері есебінен қанағаттандырылуға жататын кредиторларды анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;

3) «Технологиялар» инвестициялық портфелінің активтері есебінен қанағаттандырылуға тиіс кредиторлар мен өзге де тұлғалардың қойылған талаптары мен наразылықтарын қарайды.