«Қайтыс болған әскери қызметшілердің және полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Адам өмірі баға жетпес екенін біле отыра, Nomad Life Компаниясы жақындарының қайғысына ортақтасады және ауыр кезеңде оларға жәрдемсуге ниетті» - деді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев. Қазақстанның құқықтық тәртібін, конституциялық құрылысын және бейбіт азаматтарын қорғай отырып, полиция мен әскери қызметшілердің бірқатары еліміздің батырлары атана отырып, өз өмірлерін қиды. Бұл азаматтар батырлығын көрсетіп қаза тапты, олардың есімдері жүрегімізде қалады.