«Nomad Life» ӨСК» АҚ «Zoloto Nomadov Invest» инвестицияларында сақтанушының қатысуымен жинақтаушы сақтандыру шарттарын жасаған сақтанушыларды келесі инвестициялық портфельдердің инвестициялық декларацияларына өзгертулер енгізу туралы хабарландырады:
- «АҚШ ең ірі 500 компаниясы»,
- «Қытай қор нарығы»,
- «Денсаулық сақтау»,
- «Энергетика»,
- «Жоғары технологиялар»,
- «Алтын өндіру»,
- «АҚШ қазынашылық облигациялары»,
- «АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары»,
- «Еуропаның қор нарығы»,
- «Ресейдің қор нарығы».
Өзгертулер банк-кастодианды ауыстыру шешімін қабылдаумен байланысты енгізілді.
«Zoloto Nomadov Invest» өнімі бойынша клиенттердің мүддесін қорғау мақсатында 2022 жылы 25 ақпанда Компания клиенттердің активтері кастодиандық шоттарда сақталатын, әлемдік кастодиі Bank of New York Mellon болып табылатын «Еуразиялық Банк» АҚ-ға ауысу туралы шешім қабылдады.
Аталған өзгеріс «Zoloto Nomadov Invest» инвестицияларында сақтанушының қатысуымен бұрын жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттарынан туындайтын қатынастарға 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап өз әрекетін қолданады.