Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
20 шілде, 2022

Интернеттегі алаяқтық бүгінгі күні ең көп таралған қылмыс түрі!

Алаяқтар адамдарды адастыру үшін әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолданады: олар белгілі компаниялар мен банктердің, жаңалықтар порталдарының логотиптерін пайдаланады және инверс-жобаның қатысушылары ретінде танымал адамдарды атауы мүмкін, сонымен қатар әйгілі интернет-ресурстар сайтына ұқсас веб-парақтарды жасауы мүмкін (ол үшін сілтеме бойынша өту, көрсетілген ұялы телефон нөміріне қайта қоңырау шалу немесе олардың бұғаттауын ашу үшін немесе қауіпсіздік мақсатында банк карталарының қажетті деректерін енгізу ұсынысымен SMS және email-таратулар жібереді).

Сондай-ақ алаяқтар көбінесе ұялы телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде көрсетіп, сонымен бірге карта шоттарындағы күдікті операциялар туралы хабарлап, берілген шотқа ақша аударуды, шотты бұғаттауды немесе жеке кабинетке кіру/немесе шотта қаражатты сақтау мақсатында банк карталарын пайдалану үшін банк карталарының деректемелері мен құпия сөздерді хабарлауды ұсынады.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін келесі ережелерді сақтауыңыз керек:

1) егер сілтемелерді жіберушінің сенімділігіне көз жеткізбеген болсаңыз, SMS және басқа хабарламаларда көрсетілген сілтемелер бойынша ешқашан өтпеңіз;

2) үшінші тұлғаларға, соның ішінде телефон арқылы өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын тұлғаларға ешқашан телефон арқылы/хабарламалар жіберу түрінде банк карталарыңыздың деректерін және карталар мен мобильді банкинг қосымшасындағы жеке кабинеттеріңіздің құпия сөздерін хабарламаңыз.

Мұндай жағдайларда барлық сұрақтарды анықтау үшін банк бөлімшесіне (банктің байланыс орталығының нөмірі банк карталарының артқы жағында көрсетілген) қоңырау шалуды немесе банкке әлде мемлекеттік органға жеке баруды ұсынамыз.

Қазақстандықтарды осындай жағдайлардан қорғау мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірқатар таныстыру және білім беру жобаларын әзірледі. Атап айтқанда, fingramota.kz сайтында «Абайлаңыз, алаяқтар» атты арнайы бөлім ашылды

Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz сайтымен және «FingramotaOnline» мобильді қосымшасымен бірге жетілдіріңіз. 

Сондай-ақ біздің сайтта "Қаржылық сауаттылық" бөлімінде қаржылық сауаттылық туралы және алаяқтардың қолына түспеу туралы пайдалы ақпарат бар.