«Nomad Life» ӨСК» АҚ сақтандырудың екі сыныбының қосылуына лицензия алды – мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысумен өмірді сақтандыру (бұдан әрі - МБЖЖ) және туристті міндетті сақтандыру (ТМС).
МБЖЖ Қазақстанның кез-келген азаматына өмірді сақтандыру компаниясымен баланың пайдасына жинақтаушы сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік береді. Шарт ӨСК-ден инвестициялық кірісті қосқанда, сақтандыру шарты бойынша жинақтау сомасына 5% немесе 7% (басым санаттарға) мөлшерде жыл сайынғы мемлекеттің сыйлықақысының есептелуіне кепілдік береді. Сонымен қатар, МБЖЖ клиенттерінде салық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік болады. Білім беру полисі болашақта Қазақстанда, сонымен қатар шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға шығындарды өтейді. Сақтандыру мерзімі үш жылдан жиырма жылға дейін құрайды.
МБЖЖ-нің негізгі артықшылығы баланың оқуына жинақтаудан бөлек, шартты жасаған ата-ананың өмірі мен еңбекке қабілеттілігі сақтандырылатыны болып табылады. Клиенттер үшін қосымша қорғау Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан бүткіл жинақталған соманың кепілдікті өтеуі болады.
ТМС шарты қазақстандықтарды шетелде шұғыл медициналық көмекті алуға қажеттілікпен байланысты тәуекелдерден сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етеді. Жазатайым оқиға басталған кезде барлық шығындарды сақтандыру компаниясы халықаралық ассистанс-компания арқылы өтейді.
«Nomad Life ұдайы қызметтер өрісін кеңейтіп жатыр. Сақтандырудың тағы екі түрімен лицензияны толықтырып, біздің клиенттерді туылудан бастап бүткіл өмір бойы сүйемелдеуге мүмкіндігіміз бар. МБЖЖ – өмірді жинақтаушы сақтандыру ең жақсы білім алу үшін капиталды қалыптастыруға мүмкіндік беретін өнім екенін атап өтемін. Себебі мұндай полистердің тағы бір артықшылығы – мемлекеттің қатысуы есебінен кірістіліктің неғұрлым жоғары нормасы», - деп нақтылады «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Камбетбаев.