Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
27 ақпан, 2023

«Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның жарғылық капиталы 3 370 550 000 теңгеге жетіп, 1 240 550 000 теңгеге өсті. Компанияны қосымша капиталдандыру туралы шешім «НОМАД» Сақтандыру тобы» ЖШС-нің жалғыз акционерімен қабылданды.

Жарғылық капиталдың ұлғаюы қаржылық икемділік пен тұрақты өсімді, Компанияның одан әрі дамуына акционердің қолдауын көрсетеді.

Компания нарыққа тиімді және сенімді өмірді сақтандыру бағдарламаларын шығара отырып, белсенді түрде дамып жатыр. Бүгінгі күні «Nomad Life» мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі және бірлескен зейнетақы аннуитеті аясында сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдері бойынша халықты ауқымды түрде қамтуға бағытталды. Клиенттік сервисті қамтамасыз ету мақсатында үдерістерді автоматтандыру бойынша белсенді жұмыс тоқтаған жоқ.