Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
03 наурыз, 2023

Zoloto Nomadov бағдарламасы нарықта 2018 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді және осы жылдар бойы өзін сенімді қаржы құралы ретінде көрсетті. Шартқа капиталдың жүз пайыздық қорғанысы кіреді және ол жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді.

Кепілдендірілген кірістілік USD-да 2%-дан 4,1%-ға дейін құрайды, бұл классикалық қаржы құралдарына орташа кірістіліктен 3-4 есеге асып түседі. Жинақтаушы сақтандыру полисінің кірістілігі тікелей осындай полистің қолданылу мерзімімен байланысты. Сақтандыру мерзімі ұзағырақ болған сайын, соғұрлым кірістілік мөлшерлемесі жоғары. Яғни, барынша жоғары мөлшерлемені алу үшін қаражатты бірнеше жылға және одан көп уақытқа орналастыру қажет.

«Қазақстанда инфляция қазір екі таңбалы аймақта тұр. Бұл жағдайларда қаржы ұйымдары бағаға өсімнен айтарлықтай жоғары болатын және өзінің клиенттеріне нақты табысты әкелетін, теңгеде кірісті қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан біз өзіміздің «Zoloto Nomadov» долларлық өніміміздің табысын барынша көбейту мақсатын қойдық. Жоғары долларлық кірістен басқа, басты құрауыш туралы ұмытпаған жөн – өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі – бұл жинақтаушы құралға салмақты құндылық беретін, күтпеген жағдайлардан жақындарыңызды қаржылық қорғау», - деп пікір білдірді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның басқарма төрағасы, Ерлан Камбетбаев.

Қазақстанның қаржы нарығында ең жылдам өсуші ойыншылардың бірі және әлеуметтік-жауапты бола отырып, компания салада ең үлкен салық төлеуші болып табылады. Компания «Номад» сақтандыру тобына кіреді.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның сенімділігі S&P Global Ratings Халықаралық рейтингілік агенттігімен берілген, «ВВ+» (болжам тұрақты) және «kzАА» деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингімен расталады. Компанияның рейтингі өмірді сақтандыру саласында ТМД елдерінің аумағында жоғарылардың бірі болып табылады.