Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
30 қазан, 2023

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін және "Nomad Life "ӨСК" АҚ эмитентінің кредиттік рейтингін "BB+" деңгейінде растады. Рейтингтердің өзгеруінің болжамы – "Тұрақты". Компанияның ұлттық шкала бойынша рейтингі "kzAA" деңгейінде.

Сарапшылардың пікірінше, Компания капиталдандыру деңгейін сақтау үшін тиімді шаралар қабылдады. Капиталдың жеткіліктілігі "А" деңгейіне дейін біртіндеп жақсарады деп күтілуде, оған 2023-2024 жылдары табыстылық көрсеткіштерінің болжамды тұрақтануы ықпал етеді. Агенттік сондай – ақ соңғы бес жылда Бизнес көлемінің айтарлықтай ұлғаюын атап өтті - "Nomad Life" ӨСК инвестицияларының кірістілігі инвестициялық кепілдіктері бар сақтандыру шарттары шеңберінде қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.

"NOMAD Life" ӨСК" АҚ күшті нарықтық позициялармен, елеулі дистрибуция желісімен және танымал брендпен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық құрамдас бөлігі бар сақтандыру өнімі бойынша алымдарды қоса алғанда, қол қойылған сақтандыру сыйлықақысы-брутто көлемі бойынша нарықтық үлесті ескере отырып, қазақстандық өмірді сақтандыру нарығындағы көлемі бойынша екінші ірі компания болып табылады", – деп атап өтті S&P сарапшылары.

"S&P Global Ratings рейтингтерін растау біздің Компания жұмысының сенімділігі мен жоғары тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Біз клиентке бағдарлануды арттыру және заманауи сақтандыру өнімдерін әзірлеу жөніндегі стратегияны жоспарлы іске асыруды жалғастырамыз. Ал цифрландыруға назар аудару бизнес-шешімдер қабылдауды жеделдетуге және компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді талдаушылардың шешіміне"Nomad Life" ӨСК Басқарма Төрағасы Ерлан Камбетбаев.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Nomad Life "ӨСК" АҚ активтері 297 млрд теңгеден, меншікті капиталы – 25 млрд теңгеден, жарғылық капиталы – 3,3 млрд теңгеден, ал сақтандыру резервтері-220 млрд теңгеден асады.

Дереккөздер: disclosure.spglobal.com

prodengi.kz

lifeinsurance.kz

newsline.kz

Ашық көздерден алынған фотосуреттер