Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
20 қараша, 2024

Құрметті клиенттер,

Сіздердің деректеріңізді қорғау - біз үшін басым міндет. Алайда, онлайн кеңістіктегі қауіпсіздік біздің технологиямызға ғана емес, сонымен қатар кибергигиенаның негізгі ережелерін сақтауға да байланысты екенін ескертеміз.

Қауіпсіздікті нығайту үшін қарапайым нұсқауларды орындауды ұсынамыз:

  1. Күрделі құпия сөздерді қолданыңыз.

o          ұзындығы - кем дегенде 12 таңба.

o          әріптерді, сандарды және арнайы таңбаларды біріктіріңіз.

o          әр қызмет үшін бірегей құпия сөздерді жасаңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.

  1. Деректермен үшінші тараптармен бөліспеңіз.

o          Nomad life қызметкерлері ешқашан телефон, пошта немесе мессенджерлер арқылы құпия сөздерді немесе жеке ақпаратты сұрамайды.

  1. Хаттар мен хабарламаларға мұқият болыңыз.

o          жіберушінің мекен-жайын тексеріңіз - алаяқтар өздерін ресми контактілер ретінде жасыра алады.

o          қосымшаларды ашпаңыз немесе күдікті электрондық пошталардың сілтемелеріне өтпеңіз.

  1. Құрылғыларды жаңартып және қорғауды күшейтіп тұрыңыз.

o          антивирусты орнатыңыз және оны үнемі жаңартып тұрыңыз.

o          амалдық жүйенің және шолғыштың соңғы нұсқаларын қолданыңыз.

  1. Сайттың мекен-жайын тексеріңіз.

o          «Nomad life» ресми сайты — www.nomadlife.kz.

o          деректерді енгізер алдында мекен-жайдың "https://"деп басталатынына көз жеткізіңіз.

Деректеріңізді қорғаңыз!

Құрметпен, "Nomad Life" ӨСК" АҚ командасы