ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
07 наурыз, 2024

«Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясының директорлар кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы шешімімен келесі шарттар бойынша сақтандыру дивидендтерінің мөлшерлемелері бекітілді:

– табысқа қатысу шарты бар ерікті аннуитеттік сақтандыру; – табысқа қатысу шарты бар бала пайдасына арналған ерікті аннуитеттік (жинақтаушы) өмірді сақтандыру; – табысқа қатысу шарты бар ерікті жинақтаушы өмірді сақтандыру.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мөлшерлеме кепілдендірілген табыстылықты қоса алғанда 7,5% болды.

«Валюталық жоспар» өнімі бойынша сақтандыру дивидендтерінің мөлшерлемесі кепілдендірілген табыстылықты ескере отырып, 3,75% деңгейінде белгіленді.

2023 жылға бөлінетін пайданың жалпы сомасы 166,4 млн теңгені құрады.