«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 28 ақпандағы шешімімен келесі шарттар бойынша сақтандыру дивидендтерінің мөлшерлемелері бекітілді:
пайдаға қатысуы бар ерікті аннуитеттік сақтандыру шарттары;
пайдаға қатысуы бар баланың пайдасына арналған ерікті аннуитеттік (жинақтаушы) өмірді сақтандыру шарттары;
пайдаға қатысуы бар ерікті жинақтаушы өмірді сақтандыру шарттары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мөлшерлеме кепілдендірілген кірістілікті қоса алғанда, 7,5% деңгейінде белгіленді.
«Валюталық жоспар» өнімі бойынша сақтандыру дивидендтерінің мөлшерлемесі кепілдендірілген кірістілікті ескере отырып, 3,75% деңгейінде бекітілді.
2024 жылға бөлінетін жалпы пайда көлемі 172,7 млн теңгені құрады.