«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 26 ақпандағы шешімімен пайдаға қатысуы бар шарттар бойынша сақтандыру дивидендтерінің мөлшерлемелері бекітілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мөлшерлеме келесі өнімдер үшін 7,5% деңгейінде (кепілдендірілген табыстылықты қоса алғанда) белгіленді:
— пайдаға қатысуы бар ерікті аннуитеттік сақтандыру;
— баланың пайдасына аннуитеттік жинақтаушы өмірді сақтандыру;
— пайдаға қатысуы бар ерікті жинақтаушы өмірді сақтандыру.
«Валюталық жоспар» өнімі бойынша мөлшерлеме кепілдендірілген табыстылықты ескере отырып 3,75% деңгейінде белгіленді.
Бағалау бойынша, 2026 жылы сақтанушылар арасында бөлінетін пайданың жалпы көлемі 175,5 млн теңгені құрайды.
Nomad Life компаниясы клиенттерге тұрақты табыстылық пен пайдаға қатысудың ашық шарттарын қамтамасыз етуді жалғастыруда.