03 маусым, 2016
«НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ жиналған сақтандыру сыйақылары бойынша Қазақстан нарығындағы өмір сақтандыру компаниялары арасында бірінші орын алады.
ҚР Ұлттық Банкінің 01.05.2016 ж. мәліметтері бойынша, Компанияның өмір сақтандыру саласындағы нарық үлесі 22,1% немесе 5 268 млн. теңге құраған.
Ұлттық Банк деректеріне сәйкес, 01.05.2016 ж. жағдайы бойынша «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ келесі орындарға ие:
- ҚЖОМС (Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру) класындағы сақтандыру сыйақыларын жинау бойынша 1-орын. Сақтандыру сыйақыларының сомасы 2 214 млн. теңге құрайды – бұл ҚР-дағы барлық өмір сақтандыру компаниялары арасында ҚЖОМС бойынша жиналған сомалардың жалпы көлемінің 30 %.
- аннуитеттік сақтандыру класындағы сақтандыру сыйақыларын жинау бойынша 1-орын. Сақтандыру сыйақыларының сомасы 2 358 млн. теңге құрайды - бұл ҚР-дағы барлық өмір сақтандыру компаниялары арасында аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сомалардың жалпы көлемінің 27,8%.
Соның ішінде:
- «Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» класындағы сақтандыру сыйақыларын жинау бойынша 1-орын. Сақтандыру сыйақыларының сомасы 753,5 млн. теңге құрайды - бұлҚР-дағы барлық өмір сақтандыру компаниялары арасында осы сақтандыру класы бойынша жиналған сомалардың жалпы көлемінің 47,69 %.
- Зейнетақы аннуитеттері класындағы сақтандыру сыйақыларын жинау бойынша 2-орын. Сақтандыру сыйақыларының сомасы 1 590 млн. теңге құрайды - бұлҚР-дағы барлық өмір сақтандыру компаниялары арасында зейнетақы аннуитеттері бойынша жиналған сомалардың жалпы көлемінің 23,7%.
Сонымен қатар – Қазақстан Республикасы ӨСК арасындағы активтері мен жекеменшік капиталы бойынша 1-орын және сақтандыру резервтері мен сақтандыру төлемдері бойынша 2-орын.
01.05.2016 жылғы жағдайы бойынша «НОМАД LIFE» активтерінің көлемі 52 581 млн. теңге, жекеменшік капиталы 10 356 млн. теңге, сақтандыру резервтері 40 604 млн. теңге, сақтандыру төлемдері 1 403 млн. теңге құраған. Жарғылық капиталының көлемі 2 130 млн. теңгеге тең. Төлем қабілеттілігі маржасының нормативі – 2,24.