ҚР Ұлттық Банкінің 01.04.2016 ж. мәліметтері бойынша, Компанияның өмір сақтандыру саласындағы нарық үлесі 23% немесе 3 778 млн. теңге құраған.
НОМАД LIFE жиналған сақтандыру сыйақылары бойынша өмір сақтандыру компаниялары арасында бірінші орынға және Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру компаниялары арасында алтыншы орынға ие.
Компания «Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру» (ҚЖОМС) класында, «Аннуитеттік сақтандыру» («ЖБЖ аннуитеттерін» қоса алғанда), сондай-ақ жазатайым оқиғалардан сақтандыру класында сенімді көшбасшы.
Компания Қазақстан Республикасының ӨСК арасында сақтандыру резервтері мен жекеменшік капиталы бойынша бірінші орын және активтер мен сақтандыру төлемдері бойынша екінші орын алады.
01.04.2016 жылғы жағдайы бойынша НОМАД LIFE активтерінің көлемі 55 933 млн. теңге, жекеменшік капиталы 11 038 млн. теңге, сақтандыру резервтері 42 556 млн. теңге құраған. Жарғылық капиталының көлемі 2 130 млн. теңгеге тең. Төлем қабілеттілігі маржасының нормативі – 2,35.