Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
18 маусым, 2021
Unit-linked – бұл шетелде танымал, өмірді инвестициялық сақтандыру бағдарламаларының атауы. «Nomad Life» ӨСК «ZOLOTO NOMADOV Invest» өз өнімінің мысалында өмірді инвестициялық сақтандыру туралы жаңылыстарды жоққа шығарады.
Өмірді инвестициялық сақтандыру бағдарламалары туралы адамдардың ең жиі кездесетін жаңылыстары

Бұл қалай жұмыс істейді, түсініксіз

Өмірді инвестициялық сақтандыру – өмірді сақтандыруды және инвестициялық құралды біріктіретін, түрлі қаржылық активтерге (облигациялар немесе акциялар) ақшаны орналастыру есебінен табысты алуға мүмкіндік беретін қаржылық өнім. Іс жүзінде сақтандыру ұйымы клиенттердің қаражатын олар таңдаған бағыттарға инвестициялай отырып, басқарушы компаниялар рөлін атқарады.

«Негізгі мақсаттары – өмірді сақтандыру және алуан түрлі ұзақ мерзімді өмірлік мақсаттарға: білім алуға ақы төлеуге, зейнетақы жинақтарына, жылжымайтын мүлік сатып алуға және басқасына капиталды жинау», - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Өмірді инвестициялық сақтандыру бөлімінің басшысы Нұрбек Абжанов.

Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент осы уақыт ішінде инвестициялардың құнының өсуі есебінен бірнеше есе ұлғаюы мүмкін жинақталған соманы алады. Ал шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтандыру жағдайы басталған кезде клиент алдын ала таңдаған алушыға сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін және инвестициялардың жинақталған сомасын төлеуді жүзеге асырады.

Жоғары тәуекелдер

Клиенттің қаражаты екі бөлікке бөлінеді:

1) сақтандыру – жарна сомасынан 10% валютада 3,41%-ға дейін кепілдендірілген мөлшерлемемен классикалық өмірді жинақтаушы сақтандыруға жіберіледі;

2) және инвестициялық – қалған қаражат клиент таңдаған инвестициялық портфельдерге орналастырылады. «Біздің клиенттердің жеке кабинетте өзінің портфелінің құнын бақылау мүмкіншілігі бар, олар шартты бұзуға және кепілдендірілген мөлшерлемемен шарт жасасып, сақтандыру бөлігін жинақтарға аударуға, стратегияны өзгертуге және өзінің «тәуекелге тәбетіне» қарай ақшаны басқа инвестициялық портфельдерге аударуға құқылы. Мысалы, біз АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздар - сенімді активтерден тұратын және экономикалық күйзелістер мен түсімдер кезеңінде қорғаушы ретінде жүретін «АҚШ қазынашылық облигациялары» инвестициялық портфелін іске қосып жатырмыз», - деп нақтылайды сұхбаттасушы.

Unit-Linked жоғары табыстылық бермейді

Бағдарлама бойынша ақша шетелдік қаржы құралдарына салынады, сол үшін шарттың валютасы – АҚШ доллары. Инвестициялық портфельдерді құру кезінде Nomad Life бірінші кезекте қор индекстері табыстылығының тарихи нәтижелеріне бағытталды, сондай-ақ, ең ірі шетелдік басқарушы компаниялардан қаржы құралдарын таңдады. «Біз пассивті индексті инвестициялаудың тәсілін таңдадық, себебі бұл инвестициялаудың сенімді әдісі, ал портфельдердің құрылымы клиенттер үшін түсінікті. Бұл ретте іске қосылған сәттен бастап (8 айда) ұсынылатын инвестициялық стратегиялар бойынша нақты орташа өлшемді өсім валютада 17,43%-ды құрады», - айтады біздің сұхбаттасушы.

Полис иеленушілері өз қаражатын ішінара шеше алмайды және сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұза алмайды

Unit-linked шарттары үш опцияны көздейді: ішінара шешу, толықтыру және мерзімнен бұрын бұзу. Бұл ретте сарапшылар алғашқы екі жылда шарттан күні бұрын бас тартуға кеңес бермейді, себебі unit-linked бағдарламасының негізгі әдісі – шарттың анағұрлым ұзақ мерзімінде барынша тиімді іске асырылатын, күрделі пайыз нәтижесі.

Салық жеңілдіктерін алу қиын

Қазақстанда жергілікті нарықта бағалы қағаздарды сатып алған кезде салықтық преференциялар қолданылады, бірақ егер инвестор оларды шетелдік нарықтарда алса, жеңілдіктер жұмыс істеуін тоқтатады. Өмірді инвестициялық сақтандыру шарттарын жасаған кезде сақтанушылар салықтық преференцияларды пайдаланады, бірақ олардың ақшасы шетелдік нарықтарға салынған.

««ZOLOTO NOMADOV Invest» полисінің болуы сонымен қатар, біздің клиенттерге өз табыс салықтарын азайтуға, және тиісінше алынатын кірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Инвестициялық сақтандыру бойынша салық жеңілдіктері:

- шартты бұзу кезінде төленетін сатып алу сомаларына салық салудан босату;

- 3 жыл және одан артық (жылына 320 АЕК аспайтын) мерзімге жасалған, шарт бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне тең сомаға табысқа салық салудан босату түрінде беріледі», - деп қорытындылады Нұрбек Абжанов.