Инвестициялық портфельдің бенчмаркі (базалық индексі) S&P 500 Total Return (бұдан әрі S&P 500®) индексі болып табылады. Сондықтан, осы инвестициялық портфель американдық экономика шеңберінде әртараптандырудың жоғары дәрежесіне ие.
3 жыл | 5 жыл | 10 жыл | 15 жыл | |
Табыстылық, жылдық % | 18,68 | 17,30 | 14,22 | 10,35 |
Табыстылық, жинақталған % | 67,14 | 122,07 | 278,07 | 338,27 |
Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді.«Nomad Life» ӨСК» АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.
Сізде АҚШ 500 ең ірі компаниясының акцияларына қатысу рұқсаты бар болады. Тарихи деректерге сүйенсек жыл сайын ұлғаю ықтималдығы 70% құрайды. Көптеген адамдар оны АҚШ қор биржасындағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі деп санайды. Индекс стратегиялары Уоррен Баффетпен, Бертон Малкиэльмен және Джон К. Боглмен ұзақ мерзімді болашағы бар инвесторлар үшін инвестициялар ретінде ұсынылған. Индекс АҚШ экономикасының бағытын болжау үшін қолданылатын факторлардың бірі болып табылады.Индекстің құрамында Amazon, Facebook, Johnson&Johnson секілді және т.б. компаниялар бар.
.