Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
ZOLOTO Nomadov Invest

«Еуропаның қор нарығы»

Инвестициялық портфельге сатып алынатын активтер басқаруында

BlackRock

«Еуропаның қор нарығы» инвестициялық портфелінің бенчмаркі (базалық индексі) MSCI EMU Net Total Return Index индексі болып табылады. 

 

2.43
18.04.2024жағдай бойынша инвестициялық портфельдің шартты бірлігінің құны

MSCI EMU Net Total Return Index индексінің тарихи брутто табыстылығы (01.04.2022 ж. жағдай бойынша):

  3 жыл 5 жыл 10 жыл 15 жыл
Табыстылық, жылдық, % 6,85 5,62 6,13 1,60
Табыстылық, жинақталған % 21,99 31,41 81,31 26,81

 

 

Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді. «Nomad Life»ӨСК»АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.

Неліктен «Еуропаның қор нарығы»?

Еуропа Одағының экономикасы – бұл Еуропалық Одақ (ЕО) елдері-мүшелерінің бірлескен экономикасы. Бұл номиналдық көріністе әлемде АҚШ-тан кейін үлкендігі бойынша үшінші және Қытай мен АҚШ-тан кейін сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚТ) бойынша үшінші экономика. Бағаларға сәйкес, Еуропалық Одақтың ЖІӨ 2020 жылы әлемдік экономиканың шамамен 1/6 құрайды. Портфель Экономикалық және Валюталық Одақтың 10 дамыған елдерінен ірі және орташа капиталдандыруымен Еуро аумақ компанияларының 239 акцияларына қолжетімділік ұсынады. Портфель айтарлықтай деңгейде Франция мен Германияға шоғырланған, бірақ секторлық ауытқулар бірқалыпты болып табылады. Еуропалық орталық банктің қолдауымен және індетпен байланысты рецессиядан кейін оның тез қалпына келуі үшін нарыққа қолдау көрсету бойынша Еуропалық комиссияның бастамаларымен осы Портфельді тартымды және нарықта ең танымалдардың бірі етеді.

 .

MSCI EMU Net Total Return Index индексіне төмендегі елдерден компаниялар кіреді (үлеспен (%)):

Эмитенттер саны: 236
Франция: 35,77
Германия: 26,50
Нидерландтар: 13,74
Италия: 7,63
Испания: 7,24
Өзгесі: 9,12

MSCI EMU Net Total Return Index индексі секторлық болып табылады және оған келесі салалардан компаниялар кіреді (үлеспен (%)):

Ақпараттық
технологиялар:13,49
Денсаулық сақтау: 8,45
Коммуникациялар: 4,51
Қаржы: 15,37
Дискрециялық
тұтынушылық тауарлар: 15,75
Өнеркәсіп: 15,43
Тұтынушылық тауарлар: 8,09
Коммуналық қызметтер: 6,15
Энергетика: 4,45
Жылжымайтын мүлік: 1,46
Шикізат: 6,85

Портфельдегі ТОП 10 инвестиция:

Қосымша материалдар

Инвестициялық декларация Соңғы өзгерту 25.10.21 17:57 енгізілген