«АҚШ қазынашылық облигациялары» инвестициялық портфельдің бенчмаркі (базалық индексі) ICE U.S. Treasury 3-7 Year Bond Index индексі болып табылады.
3 жыл | 5 жыл | 10 жыл | 15 жыл | |
Табыстылық, жылдық % | 1,06 | 1,43 | 1,48 | 3,20 |
Табыстылық, жинақталған % | 3,22 | 7,36 | 15,87 | 60,45 |
Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді.«Nomad Life» ӨСК» АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.
АҚШ қазынашылық облигациялары АҚШ үкіметімен қамтамасыз етілген және қолданымдағылардың ішінен «ААА» ең жоғары кредиттік рейтингіге ие, нәтижесінде бұл бағалы қағаздар бойынша дефолт тәуекелі іс жүзінде нөлге тең. 1776 жылы үкіметтің алғашқы құрылуы сәтінен бастап АҚШ Қазынашылығы ешқашан өз кредиторларына төлемдерден бас тартқан жоқ. «АҚШ Қазынашылық облигациялар» инвестициялық портфелі үш жылдан жеті жылға дейін өтеу мерзімімен АҚШ қазынашылық облигацияларынан тұратын базалық индекстің инвестициялық нәтижелерін бақылайды. Бұл портфель активінде әлемде болып жатқан түрлі саяси, экономикалық өзгерістерге тұрақты болып табылатын құралдың болғанын қалайтын ұстамды-консервативті инвесторларға қолайлы. /p>