Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
ZOLOTO Nomadov Invest

АҚШ қазынашылық облигациялары

Инвестициялық портфельге сатып алынатын активтер басқаруында

BlackRock

«АҚШ қазынашылық облигациялары» инвестициялық портфельдің бенчмаркі (базалық индексі) ICE U.S. Treasury 3-7 Year Bond Index индексі болып табылады.

2.18
26.03.2024 жағдай бойынша инвестициялық портфельдің шартты бірлігінің құны

ICE U.S. Treasury 3-7 Year Bond Index индексінің тарихи брутто-кірістілігі (01.04.2022 ж. жағдайға):

  3 жыл 5 жыл 10 жыл 15 жыл
Табыстылық, жылдық % 1,06 1,43 1,48 3,20
Табыстылық, жинақталған % 3,22 7,36 15,87 60,45

 

Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді.«Nomad Life» ӨСК» АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.

Неге «АҚШ қазынашылық облигациялары»?

АҚШ қазынашылық облигациялары АҚШ үкіметімен қамтамасыз етілген және қолданымдағылардың ішінен «ААА» ең жоғары кредиттік рейтингіге ие, нәтижесінде бұл бағалы қағаздар бойынша дефолт тәуекелі іс жүзінде нөлге тең. 1776 жылы үкіметтің алғашқы құрылуы сәтінен бастап АҚШ Қазынашылығы ешқашан өз кредиторларына төлемдерден бас тартқан жоқ. «АҚШ Қазынашылық облигациялар» инвестициялық портфелі үш жылдан жеті жылға дейін өтеу мерзімімен АҚШ қазынашылық облигацияларынан тұратын базалық индекстің инвестициялық нәтижелерін бақылайды. Бұл портфель активінде әлемде болып жатқан түрлі саяси, экономикалық өзгерістерге тұрақты болып табылатын құралдың болғанын қалайтын ұстамды-консервативті инвесторларға қолайлы. /p>

 

ICE U.S. Treasury 3-7 Year Bond Index индексі өтеу мерзімдерінің келесі бөлінуі бойынша АҚШ орташа мерзімді қазынашылық облигациялар нарығының динамикасын көрсететін индекс болып табылады (%):

Қазынашылық облигациялардың саны: 72

Қосымша материалдар

Инвестициялық декларация Соңғы өзгерту 01.07.21 18:10 енгізілген