Өмірді сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы зейнетақы рәсімдеу үшін БЖЗҚ-да белгілі бір мөлшерде жинақ болуы қажет. Кейде ерлі-зайыптылардың бірінің жинағы қажетті сомадан асып жатады, ал екіншісіне қажетті сома жетпейді.
Бірлескен зейнетақы аннуитеті ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың жинақтарын бір шартқа біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда екеуі де өмір бойы зейнетақы алады, тіпті олардың біреуінің жеке жинағы қажетті соманы рәсімдеуге жеткіліксіз болса да.

Егер біреуіңіз өмірден өтсе, екіншіңіз шартта белгіленген кесте бойынша өз төлемдеріңізді алуды жалғастырады.
БЖЗҚ-дағы жинақ — 13 827 800 ₸.
Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін оған 10 048 456 ₸ қажет. Жинақтары жеткілікті.
БЖЗҚ-дағы жинақтары — 9 520 800 ₸.
Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін оған 13 180 591 ₸ қажет. Жинақ сомасы жеткіліксіз.

Бұл сомаға бірлескен зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге болады. Нәтижесінде әр жұбай өмір бойы 35 596 ₸ алады.
Төлемдер жыл сайын индекстеледі.



Шарт екі тәсілдің бірі бойынша жасалуы мүмкін:

Зейнетақы аннуитеті шартын БЖЗҚ-да зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті *жинақтары бар тұлғалар жасай алады:
Кейінге қалдырылған** зейнетақы аннуитеті шартын:
Дереу** зейнетақы ауннуитеті шартын:
* Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 Басқарма қаулысының және ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес есептелген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы.
**Кейінге қалдырылған аннуитет - төлемдер бірден емес, алдын ала келісілген мерзім өткеннен кейін басталады. Осы уақытқа дейін компания сіздің қаражатыңызды инвестициялайды.
**Дереу төленетін аннуитет - төлемдер сыйлықақы төленгеннен кейін бірден басталады.
| Кейінге қалдырылған аннуитет | Дереу аннуитет | ||||||
| МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | ||||
| 40 жастан (Ерлер) | 7 777 482 | 45 жастан (Ерлер) |
9 163 723 |
50 жастан (Ерлер) | 8 528 378 | 55 жастан (Ерлер) | 10 048 456 |
| 40 жастан (Әйелдер) | 10 147 533 | 45 жастан (Әйелдер) |
11 476 285 |
50 жастан (Әйелдер) | 11 127 252 | 53 жастан (Әйелдер) | 13 180 591 |
САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту: 03.04.25
САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРIСоңғы өзгерту: 19.02.26
ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ ДИВИДЕНДТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту: 12.09.25