Баланы қазақстандық немесе шетелдік университетте оқытуға қаржы жинаңыз және NOMAD Life-тен кепілдендірілген кірістілік пен мемлекет сыйлығын алыңыз!
NOMAD BOLASHAQ бағдарламасы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болып табылады.
*төлемдер төлеу/төлем жасау күніне АҚШ долларының бағамына байланысты теңгемен жүзеге асырылады
**Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүгедек адамдардың, көп балалы және/немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың пайдасына жасалған шарттар үшін - 7%, басқа шарттар үшін – 5%, бірақ жылына 100 АЕК-тен аспайды.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанда және шетелде оқу ақысы
Валютадағы жинақтар девальвациялық және инфляциялық тәуекелдерден қорғайды
Грант алған кезде мемлекет сыйлықақысын сақтай отырып жинақтардың барлық сомасы төленеді
БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
СІЗ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШТІ ТОЛТЫРАСЫЗ, ОНДА СІЗ ЖАРНАНЫҢ МЕРЗІМІ МЕН МӨЛШЕРІН КӨРСЕТЕСІЗ
ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ БАНКТЕРДЕ ЖӘНЕ БАСҚА САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНДА ТЕКСЕРЕДІ
СІЗ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЯСЫЗ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕЙСІЗ
ТӨЛЕМДЕР БІЛІМ БЕРУ АҚЫСЫНА ТӨЛЕНЕДІ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ:
- Сақтандыру мерзімі - 3 жылдан 20 жылға дейін
- Жарналарды төлеу кезеңділігі-толықтырулар мүмкіндігімен біржолғы
- Шарт баланың пайдасына жасалады
- Төлем білім беру ақысын төлеуге жіберіледі
ЕСЕПТЕУ МЫСАЛЫ
Жарна мөлшері - 6 800 100 теңге (1 USD үшін 453,34 теңге бағамы бойынша 15 000 USD) |
Жинақтау мерзімі |
10 жыл
|
15 жыл
|
Жарна, USD |
15 000 |
15 000 |
Nomad Life кірістілік мөлшерлемесі |
3,26% |
3,41% |
Жинақ сомасы (сақтандыру сомасы) |
20 665 |
24 800 |
Мемлекет сыйлықақысы (Nomad Life есептейтін инвестициялық кірісті ескере отырып, жинақтаудың барлық кезеңі үшін)* |
8 358 |
14 373 |
Мемлекеттің кепілдендірілген табыстылығы мен сыйлықақысын ескере отырып төлеуге берілетін жалпы сома |
29 023 |
39 173 |
* Мемлекет сыйлықақысы жылына 5% мөлшерінде есептелген, бірақ 2024 жылға белгіленген 100 АЕК-тен аспайды (369 200 теңге)
СҰРАҚ-ЖАУАП
- САҚТАНУШЫ ДЕГЕН КІМ?
-
Nomad Bolashaq шартында бұл сақтандыру компаниясымен шарт жасасқан баланың (пайда алушының) ата-анасы немесе басқа заңды өкілі.
- САТЫП АЛУ СОМАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
-
Сатып алу сомасы — сақтандыру компаниясы Nomad Bolashaq шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде Сақтанушыға қайтаратын сақтандыру бағдарламасында көзделген инвестициялық кірісі бар сақтандыру сыйлықақыларының бөлігі.
- БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ ДЕП НЕНІ ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?
-
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға.
- NOMAD BOLASHAQ ШАРТЫН РӘСІМДЕУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?
-
Сақтандыруға өтініш, Сақтанушының жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі
- NOMAD BOLASHAQ-ТЫҢ НАРЫҚТАҒЫ БАСҚА ҰҚСАС БАҒДАРЛАМАЛАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
-
Nomad Bolashaq бағдарламасы бойынша төлемдер мен төлеулер төлем күніне қарасты АҚШ долларының бағамына байланысты индекстеледі. Бағдарлама бойынша инвестициялық табыс валютада 4,1%-ға жетеді. Барлық төлемдер мен төлеулер теңгемен жүзеге асырылады.
- МЕМЛЕКЕТТЕН СЫЙЛЫҚАҚЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
-
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша шарт бойынша жинақталған сомаға есептеледі. Мемлекеттің бірінші сыйлықақысы мемлекет сыйлықақысын бөлу сәтінде кемінде 12 ай әрекет ететін шарт бойынша есептеледі
- МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?
-
Мемлекет сыйлықақысының мөлшері:
- Жетім балалар, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасылардан және/немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін 7%,
- 5% – азаматтардың қалған санаттары үшін.
Мемлекеттің ең жоғары сыйлықақысы - жылына 100 АЕК..
- БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕРІ БАР?
-
Өнім бойынша жинақтар мен төлемдердің барлық сомасына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры толық көлемде кепілдік береді.
- ШАРТ ЖАСАСУ КЕЗІНДЕ ШЕКТЕУЛЕР БАР МА?
-
Сақтандыру шартын жасауға болмайды, егер бала:
- қазірдің өзінде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болып табылса және оның пайдасына жасалған білім беру жинақтау сақтандыруы шарты немесе банктегі білім беру салымы бар болса.
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса.
- ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?
-
Сақтандыру төлемі білім беру ұйымының шотына Сақтанушының/баланың (баланың заңды өкілінің) өтініші негізінде үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бүкіл оқу мерзімі үшін толық көлемде жүзеге асырылады.
- ЕГЕР БАЛА ГРАНТ АЛСА?
-
Егер бала білім беру грантын алса, онда Сақтанушы:
- инвестициялық кірісті және мемлекеттің есептелген сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру төлемін өзінің банктік шотына алуға
- шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру төлемін білім берудің басқа деңгейлеріндегі білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жіберуге
- сатып алу сомасын инвестициялық кірісті және мемлекеттің сыйлықақысын ескере отырып, басқа баланың пайдасына жасалатын сақтандыру шартын төлеуге аударуға құқылы.
- ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ КЕЗІНДЕ ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?
-
Сақтандыру компаниясы инвестициялық кірісті және мемлекеттің сыйлықақысын ескере отырып, ақша аударылатын банкте эскроу-шот ашады. Эскроу-шот шетелдік білім беру ұйымының пайдасына білім беру қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін ғана қолжетімді болады.
- ЕГЕР БАЛА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ТҮСПЕСЕ?
-
Сақтандыру компаниясы Сақтанушыға сақтандыру кезеңінде жинақталған соманы инвестициялық кірісті ескере отырып төлейді. Мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады. Немесе Сақтанушы келісімшартты ұзарта алады немесе оны басқа баланың пайдасына қайта рәсімдей алады.
- ЕГЕР БАЛА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНАН ШЫҒАРЫЛСА?
-
Егер бала білім беру ұйымынан шығарылса және үш жыл ішінде ол кері қабылданбаса немесе басқа білім беру ұйымына түспесе, онда сақтандыру компаниясы сатып алу сомасын төлейді. Мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.
Жүктеуге арналған құжаттар