Бірлескен зейнетақы аннуитеті – бұл зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) зейнетақы жинақтарын біріктіру және өмір бойы мерзімдік сақтандыру төлемдерін алу мүмкіншілігі. Егер бір жұбайының/жақын туысының* зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз, ал екіншісінде артығы болса, сіз бұл өнімді пайдалана аласыз.
* кім жақын туыс болып есептеле алады - «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес, жақын туыстар – ата-аналар, балалар, оның ішінде асырап алынғандар, сонымен қатар ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, оның ішінде бір ата-анасы ғана барлар және ата, әже, немерелер.
Зейнетақы жинақтары - 12 827 800 теңге
Құны - 9 123 466 теңге болып табылатын зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ақшалай қаражат жеткілікті.
Зейнетақы жинақтары - 8 520 800 теңге
Құны - 11 423 434 теңгеге тең зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ақшалай қаражат жеткіліксіз.
бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ақшалай қаражат жеткілікті
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кейінгі төлемдердің жыл сайынғы индекстеуін ескеріп, 32 360 теңге мөлшерде өмір бойылық ай сайынғы төлемдерді ала алады.
Бағдарлама I. Төлемдердің кепілді мерзімінсіз өмірбойлық шарт
Бағдарлама II. Төлемдердің кепілді мерзімімен өмірбойлық шарт.
Зейнетақы аннуитеті шартын БЖЗҚ-да зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті *жинақтары бар тұлғалар жасай алады::
Кейінге қалдырылған** зейнетақы аннуитеті шартын:
Дереу** зейнетақы ауннуитеті шартын:
* Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 Басқарма қаулысының және ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес есептелген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы.
**Кейінге қалдырылған деп белгілі мерзімнен кейін өмір бойылық төлемдермен аннуитет аталады. Бұл мерзімге дейін сақтандыру компаниясы ақшаны инвестициялайды және осы салымдардан пайыздарды жинайды.
**Дереу деп сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін бірден басталатын өмір бойылық төлемдермен аннуитет аталады.
Кейінге қалдырылған аннуитет | Дереу аннуитет | ||||||
МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | ||||
40 жылдан (Ерлер) | 7 056 683 | 45 жылдан (Ерлер) |
8 313 044 |
50 жылдан (Ерлер) | 7 744 625 | 55 жылдан (Ерлер) | 9 123 466 |
40 жылдан (Әйелдер) | 9 204 429 | 45 жылдан Әйелдер |
10 408 710 |
50 жылдан (Әйелдер) | 10 101 751 | 53 жылдан (Әйелдер) | 11 963 930 |