Құрметті сақтанушылар, кредиторлар және өзге тұлғалар!
Талдамалы зерттеуді өткізу нәтижелері бойынша «Nomad Life» ӨСК» АҚ «S&P 500 Total Return» индексі базалық индекс болып табылатын «АҚШ 500 ең ірі компаниясы» инвестициялық портфелімен инвестициялау объектісінің жоғары корреляциясына байланысты, “Zoloto Nomadov Invest” өнімі бойынша «Dow Jones Industrial Average TR» индексі базалық индекс болып табылатын, «АҚШ көгілдір фишкалары» инвестициялық портфелінің таратылуы туралы шешім қабылдады, бұл ретте «S&P 500 Total Return» индексі тарихи деректерге сәйкес неғұрлым тиімді:
Базалық индекстің атауы | Кірістілік 5 жыл | Құбылмалылық | Корреляция |
S&P 500 Total Return | 15,07% | 19,23% | 98% |
Dow Jones Industrial Average TR | 14,50% | 20,15% |
«АҚШ көгілдір фишкалары» инвестициялық портфелінің таратылуына байланысты «Nomad Life» ӨСК» АҚ 2021 жылғы 27 ақпанға дейін:
1) «АҚШ көгілдір фишкалары» инвестициялық портфелінен активтерді ауыстыру туралы сақтанушылардан өтініштер қабылдайды;
2) талаптары «АҚШ көгілдір фишкалары» инвестициялық портфелінің активтері есебінен қанағаттандыруға жататын, кредиторларды анықтау бойынша шаралар қолданады;
3) «АҚШ көгілдір фишкалары» инвестициялық портфелінің активтері есебінен қанағаттандырылуы тиіс кредиторлардың және өзге тұлғалардың қойылған талаптары мен наразылықтарын қарайды.