«АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары» инвестициялық портфелінің бенчмаркі (базалық индексі) IPOX 100 U.S. Index индексі болып табылады.
3 жыл | 5 жыл | 10 жыл | 15 жыл | |
Кірістілік, % жылдық | 14,36 | 14,82 | 15,66 | 12,44 |
Кірістілік, % жиналған | 49,56 | 99,55 | 328,32 | 480,28 |
Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді. «Nomad Life» ӨСК» АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.
«Жалғыз мүйіздер» компанияларына инвестициялау мүмкіншілігі. Компания өзінің өсу үдерісінің акционерлер алдында пайдасы мен міндеттерімен бірге бағалы кағаздар және биржа бойынша Комиссияның қатаң ережелері үшін жеткілікті тәжірибелі деп санайтын деңгейіне жеткен кезде ол өзінің биржаға шығу мүддесін жарнамалай бастайды. Әдетте, өсудің мұндай кезеңі компания шамамен 1 миллиард долларға жеке бағалауға, сондай-ақ белгілі «жалғыз мүйіз» дейтін мәртебесіне жеткен кезде басталады. Алайда, әр-түрлі бағалауымен, мықты іргелі көрсеткіштерімен және кірістіліктің дәлелденген болашағы бар жеке компаниялар сонымен қатар, нарықтағы бәсекелестікке және олардың листинг талаптарына сәйкес келу қабілеттіліктеріне байланысты IPO-ға талаптана алады.
Портфель әрбір акция үшін алғашқы 1000 сауда күніне АҚШ 100 ең ірі IPO компанияларының нарықтық капиталдандыруы бойынша өлшенген индексін қадағалайды. Сондай-ақ, бір эмитентке индекстің нарықтық құнынан 10% мөлшерінде лимит бар.
Ғаламдық басқарушы First Trust IPO-ға инвестициялауға маманданатын, ең ірі активтерді басқарушылардың бірі болып табылады. Әдетте, белгілі бір IPO-ға инвестициялау шешімін қабылдауға салмақты дәйектердің бірі First Trust сияқты ең ірі инвесторлардың қатысуы болып табылады. First Trust өз кезегінде акция құнының өсуінің жоғары потенциалымен жария орналастыруға дайындалып жатқан үздік компанияларды іріктейді. Орташа және тіпті ұсақ инвесторге жария орналастыруға дайындалып жатқан, лайықты компанияның акцияларын сатып алу қиын. Ғаламдық брокерлердің әдетте өз IPO-ларын таңдаулы клиенттеріне қалдыру әдеті бар, сол үшін егер инвестор ірі болып табылмаса, ол онда тікелей қатыса алмайтын сиқты. Соның салдарынан, IPO-ға мамандандырылған ең ірі басқарушының басқаруындағы портфель IPO-ға қатысу үшін ең жақсы және анық құрал болып табылады.