Инвестициялық портфельдің бенчмаркі (базалық индексі) Energy Select Sector Total Return Index индексі (бұдан әрі IXE®) болып табылады.
3 жыл | 5 жыл | 10 жыл | 15 жыл | |
Табыстылық, жылдық % | 11,36 | 6,89 | 4,38 | 4,71 |
Табыстылық, жинақталған % | 38,09 | 39,56 | 53,47 | 99,59 |
Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді. «Nomad Life» ӨСК» АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.
Сізде АҚШ «Энергетика» саласындағы ең ірі компанияларының акцияларына қатысу рұқсатыңыз бар болады. Энергетикалық сектордың жаһандық экономика үшін өмірлік маңызы зор, себебі ол жанармаймен және қуатпен қамтамасыз етеді. Алайда, экономикалық баяулау, мысалы, COVID-19 жайылуы кезінде, IXE® индексінің құнына әсер ететін қуатқа деген сұраныс пен бағаларға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мұнай бағасы тарихи ең төменгі көрсеткіштерінен кері қозғалғанына қарамастан, инвесторлар «Энергетика» секторына өсу әлеуетімен инвестиция жасай алады.
Индекстің құрамында Chevron, Exxon Mobile және т.б. ең ірі компаниялар бар.
Акциялардың жіктелуі халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған. IXE® индексі энергетика секторының S&P 500® индексі тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.