Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

ZOLOTO NOMADOV Invest

«ZOLOTO NOMADOV INVEST» - сақтандыру және инвестициялау опцияларын ұштастыратын өнім, бұл Сіздің жинақтарыңызды болашаққа қамқорлықпен көбейтуге мүмкіндік береді. Үздіктерге инвестиция салыңыз! Үздіктерде сақтандырылыңыз!

Біз қалыптастырған инвестициялық портфельдер инвестициялаудың географиялық әртараптандыруды – АҚШ пен Қытайдың ірі компаниялары, сондай-ақ технологиялар, медицина, энергетика сияқты перспективалық бағыттарға жаһандық инвестициялық компаниялардан салалық әртараптандыруды қамтамасыз етеді. Клиент бағытты таңдау керек. Өнім табыстылық мөлшерлемесі бүкіл мерзімге АҚШ долларымен кепілдік берілген ZOLOTO NOMADOV өніміне қосымша болып табылады. Біз осы екі бағдарламаның үйлесімділігін ұсынамыз.    

ҒАЛАМДЫҚ БАСҚАРУШЫЛАР

Биржалық қорлары ZOLOTO NOMADOV Invest инвестициялық портфельіне сатып алынатын шетелдік инвестициялық компаниялар әлемнің ірі инвестициялық компанияларының қатарына кіреді.

BlackRock

BlackRock, Inc. – штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан халықаралық инвестициялық компаниясы. Басқаруындағы активтердің мөлшері бойынша әлемдегі ең ірі инвестициялық компания болып табылады. BlackRock басқаруында шамамен 1000 инвестициялық қор бар.

Өзара қорлар – $300 млрд.

Биржада саудалайтын iShares қорлары – $1,5 трлн.

Басқаруындағы активтердің мөлшері – 2020 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша $7,912 трлн.

Компания активтері ~ $3,5 трлн тең еншілес компаниялар арқылы институционалдық клиенттерге сенімгерлік басқару, фидуциарлық және трасттық қызметтер көрсетеді, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвесторлар саны 5000 жуық.

BlackRock-тың 30 елде 22 инвестициялық орталығы, 70 кеңсесі және 100 елде клиенттері бар.

State Street Global Advisors

State Street Global Advisors (SSGA) State Street Corporation-ның инвестицияларды басқару жөніндегі бөлімшесі болып табылады және 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша басқарылатын активтері $2,511 трлн  құрайды, әлемдегі ең үлкен үшінші активтерді басқарушысы болып табылады.

Компания коммерциялық емес қорлар, кәсіпорындар, корпорациялар, қауымдастықтар, үкіметтер, білім беру мекемелері мен діни ұйымдар үшін инвестициялық стратегияларды құра және басқара отырып, қаржы клиенттеріне қызмет көрсетеді. Институционалдық қызметтерге қосымша ретінде SSGA Құрама Штаттарда, Еуропада, Азияда және Австралияда бөлшек сауда нарығы үшін инвестициялық құралдар шығарады.

SSGA-да бүкіл әлем бойынша 25 кеңседе 2500 адам (оның ішінде 11-і активтермен жұмыс жасайды) жұмыс істейді.

VanEck

Нью-Йорктегі штаб-пәтері бар инвестицияларды басқару жөніндегі компания. 1955 жылы құрылған. Компания АҚШ-тағы инвесторларға халықаралық нарыққа шығуды ұсынған активтерді алғашқы басқарушылардың бірі болып табылады. Бұл компанияның активтер сыныптары мен үрдістерді анықтауға, оның ішінде алтынға (1968 ж.), дамушы нарықтарға (1993 ж.) және биржалық қорларға (2006 ж.) инвестициялауға ұмтылысын білдірді, олар кейіннен инвестицияларды басқару индустриясын қалыптастырды.

Басқарудағы активтер – $49 млрд. Қазіргі уақытта VanEck мақсатты қорларды, ауруханаларды, зейнетақы қорларын мен жеке банктерді қоса алғанда, 400-ден астам ұйымның атынан активтерді басқарады.

Invesco

Invesco — АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атлантадағы штаб-пәтері бар инвестицияларды басқару жөніндегі американдық тәуелсіз компаниясы. Компанияның акциялары S & P 500 индексіне кіреді және Нью-Йорк қор биржасында саудаланады.

Активтер сыныптарының, инвестициялық стильдердің және географиялық өңірлердің кең ауқымы бойынша инвестицияларды басқарады. Компанияның 25 елде кеңселері, 8 000-нан астам қызметкері бар.

Басқаруындағы активтер мөлшері – $1,1 трлн.

First Trust

First Trust Компаниясы инвесторларға инвестициялаудың үздік тәсілін ұсыну мақсатымен 1991 жылы негізін құрды, және бүгінгі күні оның бизнесі First Trust Advisors L.P., First Trust Portfolios L.P. («FTP») және First Trust Global Portfolios Ltd-дан («FTGP») тұрады.

First Trust сенімді инвестициялық өнімдерді және кеңес беру қызметтерін ұсынады. Компанияның әр-түрлі акцияларға, облигацияларға және баламалы құралдарға тақырыптық инвестицияларды беруде көпжылдық тәжірибесі бар. First Trust-тің мамандандырылған инвестициялық менеджерлері ұзақ мерзімді болашаққа инвестициялаудың бірегей қымбат емес және анық тәсілін ұсына отырып, сенімді және тәртіпті амалын қолданады.

Басқаруындағы активтердің мөлшері - 97,48 млрд АҚШ доллар.

Zoloto Nomadov Invest-ке инвестициялау клиенттердің қаражатын келесі инвестициялық портфельдерге бөлуді көздейді

«АҚШ 500 ең ірі компаниясы»

АҚШ экономикасы әлемдегі ең үлкен экономика. Мұнда ең ірі және табысты халықаралық компаниялар шоғырланған, және олардың акциялары американдық биржаларда саудаға салынады. S&P 500 — бұл АҚШ қор нарығының кең индексі. Standard & Poor’s компаниясымен бірқатар критерийлер негізінде құрастырылады. АҚШ капиталдандыруы бойынша 500 ең ірі көпшілік компаниясынан құралған. Индекс АҚШ экономикасының барлық негізгі салаларын кескіндейтіндей қылып құрастырылған.

Қытай қор нарығы

«Менің ойымша, Қытайдың өсуі сөзсіз орын алады, себебі Қытай құны арзан, технологияның деңгейі төмен өндірушіден технологияның деңгейі анағұрлым жоғары өндірушіге көшті, және оның бәсекеге қабілеттілік деңгейі өте жоғары, тіпті бәсекелестерінен әлдеқайда төмен өте бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынатын кейбір жоғары технологиялық өнімдерде де».

Наджип Разак, Малайзияның премьер-министрі

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық – бұл өміріміздегі ең құнды нәрсе, ол адам қажеттіліктерінің иерархиясындағы ең жоғарғы сатыға ие. Гален б.з.д. 11 ғасырда денсаулықты «біз ауырсынуды сезбейтін және күнделікті өміріміздің функцияларын орындауға кедергі болмайтын күй ретінде анықтады: басқаруда қатысу, жуыну, ішу, тамақтану және біз қалағанның бәрін жасау».

Жоғары технологиялар

«Технологиялардың нөмірі бірінші артықшылығы олардың адамдарға қалаған нәрсесін жасауға мүмкіндік береді. Бұл адамдарға жасампаз болуға мүмкіндік береді. Бұл адамдарға нәтижелі болуға мүмкіндік береді. Бұл адамдарға бұрын үйрене аламын деп ойламаған нәрселерді зерттеуге мүмкіндік береді, және сондықтан белгілі бір мағынада бұның барлығы әлеуетті болып табылады».

Стив Балмер, Microsoft

Энергетика

Мұнай-газ саласы - әлемдегі үлкен және қуатты сала болып табылады. «Форбс» талдаушысы Эллен Уолд жазғандай: «Мұнай - бұл серпіліс құлдыраумен ауысатын индустрия. Егер бағалар төмен болып қалса, бұл кәсіп иелері, инвесторлар мен қызметкерлер үшін қасірет болады. Бірақ индустрия осылай жұмыс істейді. Ақырында, мұнай бағасы көтеріледі, және табыстылық қайтадан мүмкін болады. Мұнай жерде қалуда және инфрақұрылым әлі де өз орнында болады».

Алтын өндіру

«Алтынның экономикалық тізбекте басқа активтердің басым көпшілігімен байланысы жоқ дерлік, сонымен бірге, бағалы металл ретінде бәрібір құндылыққа ие. Нәтижесінде, дағдарыс кезінде алтын өндіруші компаниялардың түсімі және олардың акцияларының құны өседі».

World Gold Council

«АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары»

«Нарықта не болатынына алаңдамаңыз. Одан да нарықтың іс-әрекетіне жауапқа қандай шара қолданатыныңызды ойлаңыз».

Майкл Карр (Michael Carr)

АҚШ қазынашылық облигациялары

«Әлемнің бір жерінде ауыр кезеңдер болған кезде, ғаламдық инвесторлар АҚШ қазынашылық облигацияларына ұмтылады, себебі өз ақшаларын қайтаратынын біледі.»

 Марк Занди, Moody's Analytics.       

«Еуропаның қор нарығы»

 Еуропаға инвестициялар – ежелгі континентте жаңа мүмкіншіліктер.

 

Жартылай өткізгіштер өнеркәсібі

«Ең таңғаларлық оқиғалардың бірі Америка Құрама Штаттарының жартылай өткізгіш өнеркәсібінің көтерілуі, құлдырауы және қайтадан көтерілуі болды, ол қайтадан басым ойыншыға айналды...» Питер Дикен (экономикалық географ)

Сіз Клиенттің кабинетінде инвестициялардың нәтижесін қадағалай аласыз

Пайда кестесі шынайы уақытта жаңартылып тұрады

Өнімнің Пайдасы

  • Инвестициялық портфельдер құрамындағы активтер әлемнің ірі инвестициялық компанияларының басқаруында – біз неғұрлым тұрақты, табысты және өтімді биржалық қорларды іріктеп алдық
  • Табыс салық салудан босатылды
  • Доллармен жинақтау
  • Басқарудағы икемділік
  • Жинақтарды бөлек есепке алу
  • Мұрагерліктің түсінікті рәсімі
  • Заң артықшылықтары

Артықшылықтары

ҚАРЖЫ
ҚАРЖЫ
  • Әлемнің ірі инвестициялық компанияларының қаржы құралдарына инвестициялар
  • Шарттың қолданылу кезеңінде инвестициялық портфельдерді таңдау және ауыстыру мүмкіндігі
  • Клиенттердің қаражатын сақтандыру компаниясының қаражатынан бөлек сақтау және есепке алу
  • Инвестицияланған қаражатты салық салудан босату
ЗАҢ
ЗАҢ
  • Жинақталған қаражат мөлшері және жүргізілген жарналар, сондай-ақ шарттың өзге де талаптары туралы мәліметтер сақтандыру құпиясын құрайды және жариялауға жатпайды.
  • Шарттың қолданылу кезеңінде:
    • клиенттің қаражаты тыйым салуға жатпайды
    • жинақтар мүліктік дау кезінде үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалған
    • алушыларды және төлем мерзімін тек клиент тағайындайды
    • инвестицияланған қаражатты декларациялау міндеті заң жүзінде көзделмеген
САҚТАНДЫРУ
САҚТАНДЫРУ
  • Сақтандыру арқылы қорғау 24/7 бүкіл әлемде қолданылады
  • Жинақтардың сақтандыру бөлігі бойынша ғана 4,1% дейін табыстылықтың кепілдік берілген мөлшерлемесі

Бағдарлама шарттары

  1. Шарттың валютасы: АҚШ доллары (USD)*
  2. Шарттың мерзімі: 3 жылдан бастап 20 жылға дейін.
  3. «ZOLOTO NOMADOV Invest» жарнасы 2 бөлікке бөлінеді:
    1. бірінші жарнаның 10% құрайтын жинақтардың сақтандыру (тәуекелді) бөлігі және ол өмірді жинақтаушы сақтандыруға жолданады, оның кепілдендірілген табыстылығы сақтандыру мерзіміне қарай 2,60% бастап 4,1% дейін құрайды;
    2. инвестициялауға жолданатын инвестициялық (немесе жинақтаушы) бөлігі.
  4. Ең төменгі жарна – 2 000 USD.
  5. Негізгі сақтандыру өтемдері:
    • шарттың қолданылуының мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі;
    • сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде кез келген себеппен қайтыс болуы;
    • сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болуы.
  6. Кез келген себеппен қайтыс болуы және жазатайым оқиғаның нәтижесінде қайтыс болуы сақтандыру өтемдері бірге, сондай-ақ жеке-жеке ұсынылуы мүмкін.

ZOLOTO NOMADOV Invest есептеу мысалы. 10 жылға 60 000 USD жарна

Салымды үлестіру
Төлемдер
Жарнаның сақтандыру бөлігі (өмірдің ақырғы мерзіміне дейін аударым)
6 000 USD
Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін/ кез келген себеппен қайтыс болу жағдайында кепілдендірілген сақтандыру төлемі
8 266 USD
Сақтандыру бөлігі бойынша тіркелген СЖТМ  
3,26%
Барлық шығыстарды шегергендегі жарнаның инвестициялық бөлігі  
53 190 USD
Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін инвестициялық жинақтардың болжамды сомасы
104 633 USD
Шарт бойынша шығыстарды шегергендегі инвестициялардың болжамды жылдық болашақ нетто-табыстылығы (гипотетикалық болып табылады және айтарлықтай өзгеруі мүмкін)
7%
ЖИНАҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ
112 899 USD
Жинақтарға қосымша сақтандыру төлемі
жазатайым оқиғаны қоспағанда, кез келген себеппен қайтыс болған жағдайда
50 000 USD
жазатайым оқиға себебінен қайтыс болған жағдайда
60 000 USD

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ:

  • инвестициялық портфельдердің (инвестициялық декларациялар) мазмұнымен және сақтандыру қағидаларымен танысу
  • инвестициялық портфельдердің әрқайсысының әлеуеті бойынша нарықтық және өзіндік күтулерді бағалау
  • инвестициялық портфельдердің тарихи нәтижелерін талдау және олардың болашақта қолданылуын бағалау, себебі экономикада, саясатта және т.б. өзгерістер болып жатыр.
  • сақтандыру шартында және сақтандыру қағидаларында белгіленген шығыстармен және инвестициялауға байланысты тәуекелдермен танысу.

*Барлық сомалар АҚШ долларымен көрсетілген, ал сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасы - теңгемен жүзеге асырылады. АҚШ долларында көрсетілген сомаларды қайта есептеу «Nomad Life» ӨСК» АҚ сақтандыру қағидаларында көрсетілген оларды қайта есептеу және айырбастау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады