ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
Кредит қарыз алушыларына

Қарыз алушыны сақтандыру

Қарыз алушылардың өмірі мен еңбекке қабілеттілігін жедел сақтандыру бағдарламасы

Кредитті бірнеше жылға алып, денсаулығыңыз бен тұрақты табысыңызға сенім артасыз. Барлығы жоспар бойынша болған кезде, төлем жасау қиын емес. Ал қарыз алушы қайтыс болса немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылса, қиындықтар басталады. Бұл ретте қарыз жойылмайды — пәтер, көлік немесе басқа да кепілге қойылған мүлікпен бірге жақындарына өтеді.

Қарыз алушыны сақтандыру дәл осы тәуекелден қорғайды. Сақтандыру жағдайы орын алса, банк алдындағы қарыздың қалған бөлігін Nomad Life өтейді. Отбасы мүлкін сақтап қалады және ең қиын сәтте қарыз төлеу ауыртпалығында қалмайды.

Қарыз алушыны сақтандыру - Кредит қарыз алушыларына
Қаржылық қолжетімділік

Қарыз алушылардың өмірі мен еңбекке қабілеттілігін сақтандыру «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін өнімдеріне жатады.

Сақтандыру қызметтерінің қаржылық қолжетімділігі туралы толығырақ →

БАҒДАРЛАМА НЕНІ ҚАМТИДЫ

Негізгі тәуекел
Сақтандырылушының қайтыс болуы
Қосымша тәуекел
I немесе II топтағы мүгедектік және соған байланысты кез келген себеппен еңбекке қабілеттіліктен айырылу

БАҒДАРЛАМА НЕ БЕРЕДІ

Сақтандыру жағдайы болса, банк алдындағы қалған қарызды сіз немесе жақындарыңыз емес, Nomad Life төлейді.
Мұрагерлерге қарыз емес, мүлік қалады

БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Сіз шарт жасасып,
қажетті сақтандыру қорғау көлемін таңдайсыз.
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕГЕННЕН КЕЙІН
шарт күшіне енеді.
Nomad Life полис береді
және бүкіл мерзім бойы қорғауды қамтамасыз етеді.
САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛҒАН КЕЗДЕ,
Nomad Life Сіз үшін кредит бойынша жарналарды төлейтін болады.

САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН КІМ РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ:

  1. Полис кез келген кредиттік ұйыммен қарыз алу шартын жасасқан жеке тұлғаға қолжетімді.
  2. Психикалық, ауыр неврологиялық немесе жүрек-қантамыр аурулары, онкологиялық аурулары, АИТВ немесе ЖИТС-ы бар, I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адамдармен, сондай-ақ 70 жасқа толған адамдармен шарт жасалмайды.
  3. Қосымша қамту түрлері 63 толық жасқа толған ерлерге және 58 толық жасқа толған әйелдерге рәсімделмейді.

Nomad Life қанша және қалай төлейді:

  1. Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, төлем пайда алушыға біржолғы түрде жүргізіледі және оның мөлшері банктегі негізгі берешектің нақты қалдығына тең болады.
  2. I немесе II топтағы мүгедектік белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайда, төлемдер қарыз бойынша төлемдер кестесіне сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.
  3. I немесе II топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген жағдайда, төлем қарыз шарты бойынша негізгі берешек қалдығы мөлшерінде біржолғы түрде жүргізіледі.

ЖҮКТЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

LIFE EASY Сақтандыру тарифтеріСоңғы өзгерту: 19.02.26